Волонтерлерді үйлестіру орталығының жұмысы ұйымдастырылды

Жарияланған күні: 05.09.2022


Қостанай облысындағы апаттық жағдайға байланысты Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы республикалық Birgemiz фронт-офисімен, сондай-ақ Ұлттық волонтерлер желісімен бірлесіп, еріктілердің республикалық үйлестіру орталығының жұмысын ұйымдастырды.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының базасында консультациялық, ақпараттық және ұйымдастырушылық көмек жүргізіліп жатыр.
Үйлестіру орталығына өрттен зардап шеккен Қостанай облысының тұрғындары мен көмекке мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге дайын еріктілер хабарласа алады.
«Қостанай облысында көптеген отбасылар баспанасыз қалды. Адамдар кез-келген көмекке мұқтаж. Біз республикалық еріктілерді үйлестіру орталығының жұмысын қайта ұйымдастырдық. Барша қазақстандықтарды өрттен зардап шеккендер жандарға көмектесуге шақырамыз», – деп мәлімдеді Республикалық еріктілерді үйлестіру орталығында.
Қазақстандықтар көмекті мына байланыс нөмірлеріне және телеграм-чатқа хабарласып, өзекті ақпаратты ала алады:
+77778097007
+77087064242
+77018963227
@eriktiler_kaz телеграм-чаты.