Жарияланған күні: 28.02.2022
Еріктілердің жануарларға алғаш көмектесуі емес, бұған дейін үйсіз жануарларға жәрдемдесуді көздейтін көптеген акциялар мен тұрақты жобалар жүзеге асырылды.
Сондай әлеуметтік жобалардың бірі «Birgemiz: Ayala» гранттық қаржыландыру бойынша жеңімпаз атанды және ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асырылды.
Жоба аясында елордада үйсіз қалған және жоғалған жануарларды ұстау, еріктілерді негізгі күтім және жануарларға уақтылы көмек көрсету бойынша оқыту ұйымдастырылды.
«Офистің базасында бізде ветиринар жұмыс істеді, ол ниет білдірушілер үшін оқыту жүргізіп, онлайн және офлайн режимдерде жануарлардың жай-күйі бойынша кеңес беріп көмектесті. Жобаны іске асыру барысында бізге жобаны жақсарту және жануарларға ізгілікпен қарауды қалыптастыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар келіп түсті. Жоба аяқталғаннан кейін ұсыныстар тізімі жасалды», – деді «Волонтерлар лигасы» қоғамдық қорының менеджері Альфия Хайбулина.
Сонымен қатар, волонтерлер мен қала тұрғындары «Досыңды құтқар», «Періштенің жүрегі», «Мен тірімін» сияқты жануарларды ұстау орталықтарына барды.
Қоғамдық белсенділер Қазақстанда іске асырылып жатқан жануарларға ізгілікті қарауды насихаттауға бағытталған әлеуметтік жобалардың үздік тәжірибелерінің жинағын дайындады.
«Біздің алдымызда өз қызметімізге мүмкіндігінше көп зооволонтерлерді тарту, олар үшін тренингтер өткізу, сондай-ақ үздік тәжірибелер жинағын шығару міндеті тұр. Онда барлық аймақтар бойынша жануарларға адамгершілік қатынасты қалыптастыру туралы барлық маңызды ақпарат жинақталған. Жинақтың көмегімен кез – келген тұрғын әр аймақтағы орталықтарға қалай көмектесуге болатындығы туралы біле алады», – дейді Альфия Хайбулина.
«Birgemiz: Ayala» жобасы шеңберінде шағын гранттар байқауы өткізілді. Байқау Волонтерлік қызметті дамыту және азаматтық бастамаларды қолдау үшін ынталандыру болды.