Жарияланған күні: 17.01.2023
Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде баспасөз конференциясында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Ғалым Құрман үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар конкурсы туралы айтты.
ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы 2023 жылға арналған ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беруге конкурс жариялады.
«Үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар Азаматтық бастамаларды қолдау, азаматтық қоғам институттарының әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында беріледі», – деді Ғалым Құрман.
Биыл ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысына сәйкес 6 сала бойынша 47 мемлекеттік грант, оның ішінде 22 –қысқа мерзімді, 16 – орта мерзімді және 9 ұзақ мерзімді жоба іске асырылатын болады:
1) халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау;
2) азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу;
3) азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау;
4) қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту;
5) жастар саясатын және балалар бастамаларын қолдау;
6) отбасылық-демографиялық және гендерлік мәселелерді шешуге жәрдемдесу.
ҮЕҰ-мен, жұртшылықпен консультациялар және халықаралық тәжірибені талдау негізінде градуирленген гранттар жүйесі енгізілді. Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді гранттар енгізілді. Гранттың түріне қарай қаржыландыру көлеміне, іске асыру мерзімдеріне, ҮЕҰ үшін конкурсқа қатысу шарттарына, есептілікке қойылатын әртүрлі талаптарға сәйкес айқындалады.