Жарияланған күні: 16.11.2022
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығында үкіметтік емес ұйымдардың гранттық жобаларына баспасөз туры өтті. Іс-шараға республикалық БАҚ өкілдері мен Парламент Мәжілісінің депутаттары қатысты.
АБҚО Басқарма төрағасы Ғалым Құрман ұйымның қызметі мен миссиясы туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Сондай-ақ, біздің қонақтар әлеуметтік жобалармен танысқан болатын. Орталықтың грант алушылары жастарға кәсіби бағдар беру, қарияларды қолдауға бағытталған еріктілердің бастамаларын дамыту, балалар үйлеріндегі жасөспірімдер мен жастарға тәлімгер болу практикасын енгізу туралы айтып берді.