ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурстық комиссияның отырысы өтті

Жарияланған күні: 18.02.2021


Достар, бүгін ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурстық комиссияның отырысы өтті.

 

Конкурстық өтінімдерді 14 сарапшы қарады. Конкурстық комиссия мүшелеріне 141 өтінім қарауға жіберілді. ҮЕҰ өтінімдеріне жүргізілген бағалау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия 24 тақырып бойынша мемлекеттік гранттар беру туралы шешім қабылдады. «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балалары бар отбасыларды қолдау жөніндегі шаралар кешенін әзірлеу және іске асыру» бір тақырыбы бойынша комиссия шешім қабылдамады.

 

Конкурс комиссиясы отырысының жұмысын 8 тәуелсіз бақылаушы бақылады. Сондай-ақ, отырыс онлайн форматта Орталықтың Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында көрсетілді, онда шынайы уақыт режимінде трансляцияны 60-тан астам көрермен тамашалады.

 

Азамат Асриев Нұр-сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің бақылаушысы, сараптамалық комиссия жұмысының ашықтығын атап өтті.

 

Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсына қатысу үшін 263 өтінім келіп түскенін, оның ішінде бастапқы кезеңде 122 өтінім қабылданбағанын еске саламыз.

 

Конкурс нәтижелерімен Сіз сараптама комиссиясының хаттамасынан үзінді көшірмеде таныса аласыз.

 

Барлық қосымша ақпаратты орталыққа хабарласу арқылы ала аласыз.