ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар берудің қайта өткізілген байқауы жеңімпаздарының өпшілік алдында таныстырылым

Жарияланған күні: 18.05.2021


Құрметті достар!
Ертең, сағат 11: 00-де, онлайн режимінде ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар берудің қайта өткізілген байқауы жеңімпаздарының алты жобасының көпшілік алдында таныстырылымы өтеді. Аталған шараны біздің Facebook-тегі парақшамызда көре аласыздар.
Іс-шара барысында байқау жеңімпаздары өз жобаларын таныстырып, мақсаттары мен міндеттері туралы айтып, сұрақтарға жауап береді.
Нақты уақыт режимінде әрқайсыңыз трансляциядағы спикерлердің түсініктемелеріне сізді қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыздар.
Жария презентациялар 21 мамырға дейін жалғасады.