Тұтынушылардың құқығын қорғау саласында жұмыс істейтін ҮЕҰ-ға гранттық қаржыландыру механизмі туралы айтылды

Жарияланған күні: 23.08.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Арман Ашкин ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Астана қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдерімен кездесті деп, хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Астана қаласы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды. Кеңеске астаналық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері де қатысты. Тараптар бірыңғай гранттық оператор тетігі арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жобаларды іске асыру мақсатында ҮЕҰ-ға гранттарды жергілікті бюджеттерден 2024 жылы ұсыну мүмкіндігін талқылады.

Орталық өкілдері қонақтарға гранттық қаржыландыру операторы қызметінің негізгі бағыттары, грант алушыларды қаржыландыру рәсімдері мен тәртібі туралы айтып берді.
Іс-шара соңында кездесуге қатысушылар одан әрі өзара ынтымақтастық аясындағы түйісу нүктелерін қарастырды.