Жарияланған күні: 05.11.2024
Форт-Шевченкода алғаш рет «ӘСЕР» қоғамдық ұйымының ұйымдастыруымен, Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасы мен Біріңғай грант операторы қолдауымен әкелер конгресі өтті.
Іс-шараға балаларының тәрбиесіне бейжай қарамайтын әкелер, ата-ана кеңесінің мүшелері және әкелер одағының белсенділері жиналып, әкенің бала тәрбиесіндегі рөлін талқылады.
Конгресс барысында Маңғыстау облысының ата-ана кеңесінің төрағасы Аллаберген Қонарбаев пен басқа да белсенді қатысушылар сөз сөйледі. Тәрбие мәселелері көтеріліп, отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша идеялар мен ұсыныстар айтылды. Кездесу қорытындысы бойынша Нурболат Қойбагаров, Көшкінбай Жұмасат және Бегенов Едіге алғыс хаттармен марапатталды.
Конгресс әкелердің қоғамдағы рөлінің маңыздылығын түсінудің маңызды қадамына айналды. Мұндай кездесулерді өңірдің басқа да аудандарында өткізу жоспарланып отыр.