«ТРИНТА» ЖҚ АБҚО грантын пайдалана отырып іске асырылып жатқан «Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру» жобасы аяқталуға жақын.

Жарияланған күні: 15.11.2021


“ТРИНТА” ЖҚ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грантын пайдалана отырып іске асырылып жатқан “Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру” жобасы аяқталуға жақын.
Жобаның міндеттерін іске асыру барысында мақсатты топтар үшін практикалық маңызы бар келесі  нәтижелерге қол жеткізілді:
– Құқықтық сауаттылықты арттыру жүйесіне практикалық талдау жүргізілді. Барлығы 20-дан астам арнаға, оның ішінде мемлекеттік органдардың сайттарына, е-gov.kz порталға талдау жүргізілді, әлеуметтік желілер, мессенджерлер, түрлі “жедел желілер” – жергілікті мемлекеттік органдарға 2886 өтініш және 113 мыңнан астам түсініктеме. Қорытындысы бойынша ауыл тұрғындары үшін ең өзекті және проблемалық тақырыптардың тізімі қалыптастырылды: білім беру, денсаулық сақтау, түрлі жеңілдіктер мен жәрдемақылар, жұмысқа орналастыру, ТКШ, ТЖ және құжаттандыру мәселелері.
Сондай-ақ, ауыл тұрғындары арасында (513 респондент) жедел сауалнама жүргізілді, оның мақсаты құқықтық сауаттылықты арттыру саласындағы проблемалық мәселелер спектрін жүйелеу болды. Ауыл тұрғындарының жауаптарына сәйкес, олар құқықтық кеңес алғысы келетін 3 тақырыптың қатарына – денсаулық сақтау қызметтері, еңбек мәселелері және мемлекеттік қолдау бағдарламалары кірді, бұл практикалық талдау нәтижелерімен сәйкес келеді. Қорытындысы бойынша бейінді министрліктерге берілетін ұсынымдар тізімі жасалды.
Сонымен қатар, жоба аясында құқықтық сауаттылықты арттырудың экожүйесі құрылды. Ол өзара байланысты 4 блоктан тұрады және өнімдер мен практиканы қамтиды (Ақпаратты қайдан алуға болады?), инфрақұрылым (Кеңес алу үшін қайда жүгіну керек?), құқықтарды іске асыру тетігі (өзекті тақырыптар бойынша негізгі мәселелер) және шағымдану рәсімдері (бақылау). Экожүйенің құрылымы билік органдарымен түрлі коммуникация арналарын талдау негізінде, сондай-ақ ауыл тұрғындарына жүргізілген сауалнама қорытындысы бойынша қалыптасты. Экожүйе блоктарына бағдарлана отырып, “ТРИНТА” ЖҚ командасы Қазақстан тұрғындарына құқықтар бойынша, құқықтардың таңдалған түріндегі негізгі мәселелер бойынша бағдарлануға, сондай-ақ өз құқығын іске асыру үшін не, қайда және қалай жасауға болатыны туралы толық ақпарат алуға көмектесетін “Kenes” мобильді қосымшасын әзірледі.
– Ауыл тұрғындарына консультация беру, құқықтық көмек көрсетудің тиімді әдістері мен құралдарын меңгерген 14 өңірлік үйлестіруші-консультанттардан тұратын желі жұмыс істейді.
– “Кеңес” кеңес беру қызметінің үздіксіз жұмысы жолға қойылды, онда ауыл тұрғындары артық бюрократия мен формализмсіз, “сұрақ-жауап-тәжірибе” режимінде қолжетімді ақпарат алады. Бүгінгі таңда әртүрлі сұраныстар бойынша 1000-нан астам кеңес берілді, оның ішінде алимент, жер телімдерін алу, жәрдемақы ресімдеу, үй малы ауруының эпидемиясы кезіндегі іс-әрекеттер және т.б. мәселелері бойынша қажетті ақпараттан басқа хаттар мен өтініштер жазуға көмек көрсетілді. Бұл кезеңде консультациялық қызметтің көрсетілетін қызметтеріне қанағаттану деңгейі – 90% – ды құрайды.
– Өңірлерде мүдделі тараптардың тең құқылы өзара іс-қимылы арқылы пікірсайыс форматында өткен диалог алаңдары өткізілді. Аталған алаңның мақсаты жұмыс істеп тұрған тетіктердің сапасы мен нәтижелілігін бірлесіп талдау, ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу болды. Барлығы 14 диалогтық алаң өткізіліп – 223 адам қамтылды.
– Келесі тақырыптар бойынша бейне-нұсқаулықтар мен бейне-консультациялар құрылды: «Возможности для начинающих предпринимателей», «Какие права и возможности есть у сельских жителей для защиты общественных интересов», «Знаю свои права – живу достойно», «Өз құқығымды білемін лайықты өмір сүремін», «Түрлі төтенше жағдайда қалай әрекет ету алгоритмі», «Отбасы банкінің «Тұргын үй несиелеу тиімді бағдарламалары мен мүмкіндіктері». Сондай-ақ көрнекі іс-қимыл алгоритмдерін қамтитын буклеттер, жадынамалар және нұсқаулықтар (өтініштер беру, бейбіт жиналысқа өтінімдер және т. б.)
– Құқықтық ақпарат түрлі коммуникация арналары арқылы, соның ішінде теледидар арқылы, газеттердегі, республикалық сайттардағы, мемлекеттік органдардың әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі мақалалары арқылы үнемі таратылып отырады.
-Құқықтық қызметтерді жеткізуші ұйымдармен, оның ішінде ШҚО Әділет департаментімен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасалды.
Осылайша, бүгінгі күні барлық жоспарланған іс-шаралар жүзеге асырылды. Жоба аяқталғанына қарамастан, ТРИНТА ЖҚ өңірлерде консультациялар беру бойынша жұмыс жалғастырылатын болады, сондай-ақ “Kenes” мобильді қосымшасы өзекті жағдайда қолдау көрсетілетін болады.
????Жоба материалдарына тікелей сілтеме: https://drive.google.com/…/1xeVFa116ppbfA51XEc
және төмендегі QR код арқылы жүктеп алұға болады
“ТРИНТА” ЖҚ Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы – ЦПГИгрантын пайдалана отырып іске асыратын жоба аясында түрлі салалардағы құқықтар туралы, құқықтарды қорғау және мүдделерді ілгерілету мүмкіндіктері туралы ақпаратты шоғырландыруды және таратуды “Ауылдық елді мекендер тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру” жобасы шеңберінде жүзеге асырады.