Жарияланған күні: 26.09.2023
«Нақты отбасы үлгісіндегі этнокелісім» атты бейнероликтер байқауына өтінімдерді қабылдау 6 қазанға дейін жалғасады деп, хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.
«Тринта» қоры ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша «ҮЕҰ және Қазақстан Халқы Ассамблеясы: өзара ынтымақтастың пайдалы тәжірибелері» жобасын іске асыру шеңберінде «Нақты отбасы үлгісіндегі этнокелісім» атты онлайн байқауды жариялады. Оған интенационалдық отбасылар қатыса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқау жеңімпаздары «Біздің отбасымыздың құрылу тарихы», «Біздің сүйікті отбасылық дәстүріміз», «Біздің отбасымыздағы келісім рецепті» сияқты үш аталым бойынша анықталмақ.
«Онлайн байқауға қатысушылар өздерінің сүйікті отбасылық дәстүрлері, отбасының құрылу тарихы, отбасындағы келісімнің құпиялары туралы бейнероликтерді түсіріп, арнайы сауалнама толтыруы қажет. Барлық роликтер біздің Instagram парақшамызда жарияланады. Ең көп лайк жинаған 9 роликтің авторлары финалдың қатысушылары атанады. Онлайн жарыстың соңғы кезеңінде 3 жеңімпазды анықтайтын боламыз. Үздіктер дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталады», – дейді жоба үйлестірушісі Жадыра Анкобаева.
І орын иегерлері 90 мың теңгелік, ІІ орын иегерлері 67 500 теңгелік және ІІІ орын иегерлері 45 000 теңгелік сыйлықты еншілемек.
Байқауға өтінімдер aizada-uka@mail.ru электрондық поштасы арқылы 6 қазанға дейін қабылданады. Қатысушының сауалнамасын және консультация алу үшін мына нөмірге қоңырау шалуға болады: +7 777 992 97 08.