Жарияланған күні: 10.09.2025
Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 35-тармағына сәйкес (2025 жылғы 1 шілдеге дейін редакцияда қолданыста болған) және Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі №01/023 хаты негізінде, «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ басшысының 2025 жылғы «27» маусымдағы №01-14/31 бұйрығымен бекітілген 2025 жылғы «30» маусымда жарияланған конкурс шеңберінде «Азаматтық қоғамның дамуына, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесу» саласының «Маңғыстау облысында әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру» басым бағыты бойынша төртінші орын алған «Көмек командасы» қоғамдық қорына мемлекеттік грант берілсін.
Негіздеме: Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің 2025 жылғы 10 қыркүйектегі №01/023 хаты.
Сараптамалық комиссияның төрағасы Ш. Исмаилов