«Тарихи-мәдени мұраны қорғау» бағыты бойынша екі жоба жарияланды

Жарияланған күні: 28.06.2021


ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсы жалғасуда.
Конкурс 12 бағытта 22 тақырып бойынша жарияланды.
 
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау» бағыты бойынша екі жоба жарияланды:
Тарихи-мәдени мұра объектілерін сақтау жөніндегі «Birgemiz: Asyl Mura» жалпыұлттық жобасын іске асыру.
Жобаның мақсаты: Волонтерлер мен азаматтарды мәдени-тарихи мұраны сақтау және оларды дамыту, тарих, мәдениет ескерткіштері мен мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және сақтау жөніндегі жобаларға тарту.
 «Тарих ақтаңдақтары» саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жобасы.Жобаның мақсаты: Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау арқылы Қазақстан тәуелсіздігін танымал ету.
«Тарихи-мәдени мұраны қорғау» бағыты бойынша мемлекеттік грантты беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттардың толық пакетін 2 шілде, сағат 18.00-ге дейін ұсынуы қажет.
 
‼️Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы конкурсқа қатысушылардың өтінімдерінен елеулі кемшіліктері анықталған жағдайда, оларды түзеуге мүмкіндік алу үшін ҮЕҰ-ға өтінімдерді алдын ала ұсынуға кеңес береді.
 
Конкурс туралы толығырақ: