Жарияланған күні: 15.12.2017
Құрметті қазақстандықтар!
1991 жылы, 16 желтоқсан күні мемлекетіміз өзінің тәуелсіздігін жариялап, азат елдердің қатарына қосылды. Сол күннен бастап халқымыз өзінің астанасын, шекарасын, төл теңгесін, даму бағытын айқындауға мүмкіндік алды.
Өткен 26 жылда Қазақстан Республикасы ауыз толтырарлық саяси, экономикалық, әлеуметтік жетістіктерге жетіп, өзін халықаралық аренада толық мойындатқан мемлекеттердің қатарына қосылды. Ондаған халықаралық ұйымдарға төрағалық етті. Мұның барлығы да тәуелсіздік таңымен келген игіліктер!
Мемлекетіміздің басты мерекесі қарсаңында әрбір азаматқа денсаулық, бақыт пен береке тілейміз. Ал іргесі берік, шаңырағы биік еліміз одан әрі дамып, көркейе берсін дегіміз келеді.
Ізгі ниетпен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ