Жарияланған күні: 16.12.2020
“Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” барша отандастарымызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтайды!
Тәуелсіздік күні – егемен еліміздің дербес әрі тәуелсіз мемлекет ретінде әлемдік кеңістіктен өз орнын алған күн және еліміз үшін маңызы орасан, баға жетпес айрықша кастерлі мереке.
Бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған осынау тәуелсіздік жылдары біз кездескен барлық қиындықтарды жеңе отырып, әлемдік қауымдастықтың алдында зор құрмет пен абыройға қол жеткізіп, дамудың сан саласында биік шыңдарды бағындыра білдік.
Осынау айрықша атаулы мереке күні қазақстандық әрбір үй мен отбасыға бақыт пен береке, игілік пен шаттық, бейбіт өмір мен толайым табыс тілейміз! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!