Жарияланған күні: 26.09.2020
Біздің елімізде осы бағыттағы әлеуметтік жоба агрессорлармен жұмыс істейтін нақты психологтарға білім беру тренингін өткізу үшін неміс мамандарын тарту арқылы алғаш рет жүзеге асырылуда.
«Қазақстандықтар көбіне қоғамның ашық талқылауына түсуден қашқақтайды, сондықтан да отбасылық зорлық-зомбылық проблемасы шешілмей тұр. Дағдарыс орталықтарының одағы ұсынған есептен байқағанымыз, ағымдағы жылдың наурыз-қыркүйек айларында ғана 150 нөмірі бойынша жедел желіге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарынан 2300-ден астам өтініш түсті, сайтқа 30 өтініш, ватсап-қа 88 өтініш түсті», – деп жазды «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғам басқармасының төрайымы Бәтима Мукина өзінің фейсбуктегі парақшасында.
«Әлеуметтік жобалардың маңызды бағыттарының бірі қиын жағдайға тап болған, тығырыққа тірелген адамдармен жұмыс істеу болып табылады.
“Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтарының қызметін жетілдіру және агрессорлармен жұмыс жөніндегі іс-шаралар кешенін ұйымдастыру” әлеуметтік жобасын 2020 жылдың 6 наурызынан бастап “Дағдарыс орталықтарының одағы” ЗТБ ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” КЕАҚ мемлекеттік гранты шеңберінде іске асыруда.
Карантин енгізілгеннен кейін бүкіл әлем бойынша әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері жиі орын ала бастады. Тек әйелдер ғана емес, балалар, қарттар, мүгедектер және басқа адамдар да зардап шегуде. Осы мәселені БАҚ та барынша жариялап жатыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылық бүкіл әлемде және халықтың барлық топтарында кең таралған құбылыс. Қазақстандықтар көбіне қоғамның ашық талқылауына түсуден қашқақтайды, сондықтан да отбасылық зорлық-зомбылық проблемасы шешілмей тұр. Дағдарыс орталықтарының одағы ұсынған есептен байқағанымыз, ағымдағы жылдың наурыз-қыркүйек айларында ғана 150 нөмірі бойынша жедел желіге тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарынан 2300-ден астам өтініш түсті, сайтқа 30 өтініш, ватсап-қа 88 өтініш түсті.
Біздің елімізде осы бағыттағы әлеуметтік жоба агрессорлармен жұмыс істейтін нақты психологтарға білім беру тренингін өткізу үшін неміс мамандарын тарту арқылы алғаш рет жүзеге асырылуда. Осы салада тәжірибе алмасу тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемаларын шешуге ықпалын тигізеді деген үміттеміз. Жобада арнайы техника қамтылған, ол агрессорлар мен ерлі-зайыптыларға кеңес беру және тренингтер арқылы зорлық-зомбылыққа қатысты агрессивті мінез-құлық пен көзқарасты түзетуге бағытталған. Кеңес беру мен тренингтерден басқа, Одақ қазақ және орыс тілдерінде психологтар мен психотерапевттердің арнайы нұсқаулықтарын әзірледі.
Алматы қаласындағы “Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі отбасылық қызмет” кабинетінде 4 штаттық қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде күндізгі консультация беру үшін екі психолог, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы жағдайларда күндізгі консультация беру үшін екі психотерапевт тартылған.
Алматы қаласы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі мен “Дағдарыс орталықтарының одағы” заңды тұлғалар бірлестігі арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды, алдын ала келіссөздер жүргізілді.
2020 жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстанның үкіметтік емес ұйымдарының қызметкерлері, тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелері жөніндегі полиция инспекторлары, дағдарыс орталықтарының қызметкерлері үшін “Тұрмыстық зорлық-зомбылық құқық бұзушыларымен (агрессорларымен) жұмыс істеу стратегиясы” білім беру бағдарламасының алғашқы кіріспе вебинары өткізілді, оған 87 маман қатысты.
Өкінішке орай, өз құқығын қорғауды сұрап жүгінетін адамдар саны төмендер емес.
Егер сіз қиын жағдайға тап болсаңыз немесе тағдырдың тәлкегіне түссеңіз, жаныңызда көмек қолын созар жан табылмаса, онда сіз еліміздің кез-келген жерінен тәулік бойы, тегін және жасырын түрде 150 нөміріне қоңырау шала аласыз. ⠀
150 операторының жұмыс сапасына қатысты сұрақ туындаса, пікір қалдыруыңызды сұраймыз», – деп, жазды Бәтима Мукина.
Дереккөз: https://inbusiness.kz/ru/last/postupilo-bolee-2300-obrashenij-ot-zhertv-bytovogo-nasiliya