Жарияланған күні: 28.07.2022
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бүгін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі Данияр Райымбеков Орталықтың қызметкерлеріне онлайн форматта дәріс оқыды.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаментінің превенция басқармасының бас маманы ұжымға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер, сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын жетілдіру, квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында заңдылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәртіпті орнату туралы айтып берді.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілі қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа жол берген азаматтар жауапкершілікке тартылатындығын ескертті . Сондай-ақ, тыңдаушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте белсенді азаматтық принципті ұстануға шақырды.