Солтүстік Қазақстан облысында ауылдық округтың тұрғындары үшін спорт алаңы салынды

Жарияланған күні: 21.08.2023


Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Алтын дән ауылдық округінде «Скиф» атты жаңа спорт алаңы пайда болды. Мұнда тұрғындар футбол, волейбол, шахмат, дойбы және тоғызқұмалақтан турнирлер өткізеді деп, хабарлайды Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

«Жастар СӨС үшін» қоғамдық бірлестігі ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің гранттық қолдауының арқасында Солтүстік Қазақстан облысының Мағжан Жұмабаев ауданына қарасты Советское ауылында «Скиф» спорт және ойын алаңын құрды.
Жоба үйлестірушісі Елена Огаркованың айтуынша, спорт алаңының құрылысы жергілікті тұрғындардың жұмылуына әсер етіп қана қоймай, ауыл тұрғындары арасында волонтерлік қызметті ұйымдастыруға да мүмкіндік берді.

«Біздің жобамыздың арқасында ауылдарда еріктілердің қауымын құра алдық. Алтын дән ауылдық округінің он бес тұрғыны спорт, ойын алаңын ұйымдастыру бағытындағы барлық жұмыстарға қуана-қуана атсалысты. Волонтерлер Советское ауылындағы ескі футбол алаңының аумағын тазартуға, балаларға арналған әткеншектерді, түрлі жаттығуларға арналған турниктерді орнатуға көмектесті. Азаматтардың қолдауымен біз тұрғындарға арналған қауіпсіз алаңды жабдықтай алдық.

Бүгінгі таңда біздің волонтерлер жергілікті қоғамдастықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге де өз үлесін қосуға нитетті», – дейді Елена Огаркова.
Мемлекет тарапынан гранттық қаражатқа қоғам белсенділері футбол, волейбол, баскетбол, шахмат және тоғызқұмалақ ойнауға қажетті барлық құрал-жабдықтарды сатып алды. Бүгінгі таңда спорттың осы түрлері бойынша ауылдық округ тұрғындары түрлі жарыстарды, көңілді старттар мен турнирлерді өткізіп жатыр. Барлық іс-шаралар алдын-ала әзірленген кестеге сәйкес тегін ұйымдастырылады.

Елена Огаркова атап өткендей, ұйымдастырушылар өз жобасы арқылы ауылдардың ересек тұрғындарына ерекше көңіл бөлуге тырысқан.
«Біз Советское, Придорожное және Сілекті ауылдарының тұрғындарының көптен бергі арманын жүзеге асыра алғанымызға өте қуаныштымыз. Бұл елді мекендерде әсіресе, еңбекке қабілетті тұрғындар мен NEET санатындағы жастардың бол уақыты мүлде ұйымдастырылмаған.
Осы топтарды әлеуметтендіру мақсатында алаңда көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыруға бағытталған түрлі тренингтер мен іс-шаралар, турнирлер мен отбасылық жарыстар өткізіледі. Барлық іс-шараларға ауыл тұрғындары арнайы құрылған Telegram-арнада жарияланған кестеге сай келеді. Сондай – ақ, арнада оқу материалдары, ойын ережелері мен әртүрлі пайдалы кеңестер жарияланып тұрады», – деді жоба үйлестірушісі.
Ол сондай-ақ, жаңа демалыс орнын ұйымдастырудың арқасында Алтын дән ауылдық округінің екі тұрғыны жұмысқа орналастырылғанын айтты.
Қоғам белсенділері «Скиф» спорт алаңын салуға бағытталған жоба жастардың руханиятын, адамгершілігін тәрбиелеуге және спортпен шұғылдануына септігін тигузеді деп сенеді.

Айта кетейік, аталмыш жоба осы жылдың қазан айында аяқталады.