Жарияланған күні: 18.05.2021
Бүгін, 18 мамырда гранттық қаржыландыру арқылы азаматтық қоғамды дамыту мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасы мен өңірдің ҮЕҰ өкілдерімен онлайн-кеңесі өтті.
Іс-шараға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Басқарма төрағасы Лима Диас, ШҚО Ішкі саясат басқармасының азаматтық қоғам институттарымен жұмыс бөлімінің басшысы Валентина Миронова, “ЗУБР” ӘКҚ-ның директоры Виталий Кулик, “Тринта” ЖҚ директоры Юлия Натарова және т. б. қатысты.
Онлайн-кеңес барысында мемлекеттік гранттық қаржыландыру арқылы өңірлік жобаларды іске асыру, орталықтың өңірлермен ынтымақтастық тетіктері, жергілікті жерлерде азаматтық бастамаларды дамыту және өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Өз сөзінде Л.Диас Орталықтың республикалық әлеуметтік жобаларды табысты іске асыру жөніндегі тәжірибесіне назар аударды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдарға қаржы құралдарын ұсынудың тетіктері мен нақты алгоритмі, жобаларды қалыптастыру процесі, конкурс өткізу рәсімдері, жобаларға мониторинг жүргізу және бағалау, өңірлік белгілері бойынша қоғамдық ұйымдардың қатысу қағидалары және Орталықтың қызметі туралы ақпарат ұсынылды.
Л.Диас жергілікті бюджеттер арқылы гранттық қаржыландыру институтының дамуы туралы айтып, жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін әлеуметтік жобаларды гранттық қаржыландыру тетігімен таныстырды.
Іс-шара барысында ШҚО өкілдері конкурстық рәсімдерді өткізу тетігіне қызығушылық танытты. Атап айтқанда, олар жобаларды бірнеше ҮЕҰ-дың ресурстарымен бірлесіп іске асыруға, оператор тарапынан жобаға мониторинг жүргізуге және конкурстық комиссияға сарапшыларды іріктеу рәсіміне қызығушылық танытты.
Өткен аптада мұндай іс-шаралар Қарағанды және Қызылорда облыстарының өкілдерімен өткізілген болатын.