Жарияланған күні: 02.05.2018
Шығыс Қазақстан облысында үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға арналған азаматтық орталық өз жұмысын бастады (Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ мемлекеттік гранты аясында).
Жоба барысындағы қызмет ҮЕҰ, азаматтық белсенділерге, азаматтық қоғам институттары мен осы ұйымдармен/тұлғалармен ШҚО азаматтық секторын дамыту саласында қызмет ететін өзара қарым-қатынасты құру мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдар өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетуге арналған.
Қолдау шаралары ретінде кеңес берулер, ҮЕҰ институционалдық және ұйымдастырушылық әлеуетін арттыру мәселелері бойынша оқыту, әдістемелік және ақпараттық қызметтер көрсету – ҮЕҰ құру және басқару, ҮЕҰ тұрақтылығын дамытудың түрлі аспектілерін қарастырады, оның ішінде:
– стратегиялық жоспарлау,
– жобаларды басқару,
– қаржыны басқару,
– персоналды басқару,
– көрсетілетін қызмет портфелін кеңейту,
– аумақтардағы жайғастыру мәселелері және т.б.
Оқыту тренингі 19 қалалар мен аудандардың өкілдерінің қатысуымен көшпелі принциппен өтетін Өскемен және Семей қалаларындағы біркүндік тренингтер қатарынан, Азаматтық орталықтағы («ЗУБР» ӘКҚ) екікүндік тағылымдамадан, мүгедектердің қоғамдық бірлестіктеріне арналған оқыту сессиясынан тұрады.
Оған қоса, Орталықтың қолдауымен ШҚО ҮЕҰ және мемлекеттік органдарының қатысуымен Стратегиялық сессия (Өскемен қ.) өтеді. Іс-шараның мақсаты – жақын арадағы үш жылға арналған ШҚО азаматтық секторымен өзара әрекеттестік жоспарларын келісімдеу, өзара әрекеттестік стратегиясын жасау және әлеуетін арттыру.
Аталған топтардың арасындағы тәжірибе алмасу үшін «Әлеуметтік технологиялар шеберханасы» практиктер қоғамдастығы құрылады. Ал ақпараттық-әдістемелік қолдау аясында түрлі кітапшалар, анықтамалықтар, жадынамалар, т.б. шығарылып, кең таратылады (баспа және электрондық түрде), бейнесабақтар жазылады, ҮЕҰ арналған виртуалды кітапханада ашық қолжетімділік қамтамасыз етіледі.
Әрбір іс-шара туралы ақпарат алдын-ала жарияланып, оған кез-келген қатысуды қалаған адам келе алады немесе практиктер қоғамдастығына кіріп, оқу-әдістемелік әдебиет немесе басқа ресурстарға қол жеткізе алады.
Сонымен қатар, Азаматтық орталық негізінде әлеуметтік қызметтер нарығы мен әлеуметтік идеялар мен жобаларды қолдауға бағытталған ашық бағдарламалар мен конкурстар, оқу бағдарламалары мен тағылымдамалар туралы мекенжайлық таралымдама тұрақты түрде жасалып тұрады.
Егер Сіз осы таралымдаманы алып тұрғыңыз келсе, бізге электрондық поштаңызды жазыңыз, біз Сізді мәліметтер базасына қосамыз.
Жаңалықтардан құр қалмаңыз:
– «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ Facebook желісіндегі парақшасы мен сайты
– ШҚО әкімінің сайты, ШҚЛ қалалары мен аудандарының сайттары
– «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ сайты
– «ЗУБР» ӘКҚ сайты
– «ЗУБР» ӘКҚ Facebook, ВКонтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшалары
#РЦВКО