«Шелл Қазақстан» тұрғындардың экологиялық бастамаларын іске асыруға арналған әлеуметтік бағдарламаға 60 млн теңге бөледі

Жарияланған күні: 14.02.2022


«Шелл Қазақстан» компаниясы экологиялық жобаларды іске асыру мақсатында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, экологиялық міндеттерді шешуге өз үлесін қосқысы келетін үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) гранттар ұсынуға арналған «EcoBatys» конкурсын жариялайды. Конкурс 2022 жылдың 14 ақпанында Қазақстанның Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында басталады.

Конкурсқа кәсіби экологиялық ҮЕҰ да, негізгі қызметі өзге де қоғамдық қорлар мен волонтерлік ұйымдар қатыса алады. Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2022 жылдың 9 наурызындағы сағат 18:00-ге дейін қабылданады.

Аталмыш мемлекеттік емес гранттарды бөлудің мақсаты – 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу жөніндегі Қазақстанның стратегиясын ілгерілету, сондай-ақ табиғатқа қамқорлық жасау міндетін көздейтін «Шелл» концернінің «Дамуға арналған энергия» жаңа стратегиясын қабылдануы. Елдегі экологиялық мәселелерді шешуге «Шелл Қазақстан» компаниясы қызмет ететін Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарында қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған бастамаларды іске асыруға жұртшылықты тарту арқылы жәрдемдесу туралы шешім қабылданды.

Гранттық конкурс нәтижесінде қаржыландырылуы мүмкін экологиялық бастамалар спектрі шектелмеген. Ұйымдастырушыларды экологиялық білім беру мен ағартудың, көгалдандырудың, су ресурстарын тазартудың, қалдықтарды жинаудың, оларды кәдеге жаратудың және қайта өңдеудің әртүрлі жобалары қызықтырады. Барлығы әрқайсысы 4 миллион теңгені құрайтын 15 жоба таңдалады. Қазақстандық ҮЕҰ жобалары 2022 жылдың сәуір-қыркүйек айларында іске асырылатын болады.

Гранттық конкурсты ұйымдастырушылар болашақ қатысушыларға бірқатар талап қояды. Сонымен, оған келесі талаптарға сай келетін үкіметтік емес ұйымдар жіберіледі:

1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» ҚР Заңның 6-1-бабының 3-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында мәліметтері қамтылған;

2) тіркелген сәттен бастап кемінде 3 ай әрекет етіп келген;

3) өтінімге сай мемлекеттік емес грантты іске асыру өңірінде (Батыс Қазақстан, Атырау немесе Маңғыстау облысы) орналасқан және/немесе сонда филиалдары бар;

4) ұйымның жарғылық капиталына мемлекеттің және (немесе) мемлекеттік органдардың тікелей немесе жанама қатысуы болмаса, сондай-ақ құрылтайшылардың және қызметкерлердің арасында саяси маңызы бар тұлғалар болмаса;

5) ұйымның бірінші басшылары мен құрылтайшыларында соттылық фактілері болмаса;

6) ұйымның бірінші басшылары мен құрылтайшыларында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері және ұйымның алдыңғы шарттық міндеттемелерді жауапсыз орындау фактілері болмаса.

 

Назар аударыңыз! Конкурсқа қатысуға тарату процесіндегі дәрменсіз (банкрот) деп танылған, мүлкіне тыйым салынған және (немесе) экономикалық қызметі тоқтап тұрған ҮЕҰ жіберілмейді.

Конкурс туралы ереже Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының сайтында қолжетімді: www.cisc.kz.

Кері байланыс үшін келесі телефондарға хабарласуыңызды сұраймыз:

Атырау облысы – Дамира Рыспаева, + 7 778 434 02 22, ryspayeva@cisc.kz

Батыс Қазақстан облысы – Салтанат Шәмшадинова, +7 701 947 11 79, Shamshadinova@cisc.kz

Маңғыстау облысы – Жасұлан Бисембиев, +7 702 316 31 36, bissembiyev@cisc.kz

Анықтама үшін:

Негізінен декарбонизация мәселелеріне мән берілетін «Шелл» компаниясының «Дамуға арналған энергия» стратегиясы Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртекті бейтараптыққа қол жеткізуді көздейтін мақсатына сәйкес келеді. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін ҚР Үкіметі стратегиялық құжат – Қазақстанның 2060 жылға дейінгі көміртегі бейтараптылығы доктринасын әзірлеуде, аталмыш жұмыстар 2022 жылдың екінші тоқсанында аяқталады деп жоспарланып отыр. Қазақстанның көміртегі бейтараптығына жер мен суды пайдаланудың тұрақтылығын, экономиканың энергетикалық тиімділігін арттыру, экологиялық таза, оның ішінде жаңартылатын энергия көздерін электрлендіру және кең ауқымды пайдалану арқылы қол жеткізілетін болады.

ҚР-дағы ірі инвесторлардың бірі бола отырып, «Шелл» компаниясы экологиялық бастамаларды қолдау арқылы 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуді көздейтін Қазақстанның өз алдына қойған мақсатын қолдайды. «Дамуға арналған энергия» стратегиясы шеңберіндегі негізгі міндеттердің бірі – «табиғатқа қамқорлық жасау». Бұл міндет төрт басым бағытта жүзеге асырылады: биоалуантүрлілік, су, айналмалы экономика және қалдықтарды басқару, ауа сапасы.

Сондықтан «Шелл» компаниясы Азаматтық бастамаларды қолдау орталығымен бірлесіп, Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарындағы қоғамдық ұйымдарын жергілікті экологиялық бастамаларды іске асыру мақсатында гранттар бағдарламасына қатысуға шақырады.