Шахматтан әлем чемпионы Динара Садуақасова қайырымдылық сеансын өткізді

Жарияланған күні: 29.10.2016


29 қазан күні Қазақ гуманитарлы-заң университеті ғимаратында шахматтан әлем чемпионы Динара Сәдуақасова шахматтан қайырымдылық сеансын өткізді. Сеансқа әртүрлі жастағы азаматтар, бизнес өкілдері мен қоғам қайраткерлері, мемлекет қызметкерлері қатысты. Сеанстың басты мақсаты – жас балалардың білім алуына қаражат жинау. Аталмыш жобаға “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” коммерциалық емес акционерлік қоғамы қолдау білдірді.

Қайырымдылық шарасында жиналған қаражат “Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы” коммерциялық емес акционерлік қоғамына аударылып, мұқтаж азаматтарға қолдау көрсету үшін жұмсалатын болады.