Сараптамалық комиссияны құру процесі

Жарияланған күні: 24.06.2021


Құрметті достар!
Ертең, 25 маусым, сағат 11: 00-де Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының Facebook әлеуметтік желісі парақшасында тікелей эфирде тәуелсіз бақылаушылардың қатысуымен грант алушыларды іріктеу бойынша сараптамалық комиссияны құру процесі өтеді.
Осы іс-шара барысындағы бағыттар бойынша сарапшылар тізіліміне енген әрбір сарапшыға рандомайзерге енгізу үшін реттік нөмірлер беріледі. Одан кейін кездейсоқ сандарды генерациялау арқылы әр бағыт бойынша 3 сарапшы және резервке 3 сарапшы іріктеледі.
Бұл іс-шара мемлекеттік гранттар беру конкурсын өткізу бойынша Орталықтың қызметінің ашықтығы мен транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында өткізіледі.