Репродуктивті денсаулық мәселелсіне қатысты өтініштердің жартысынан көбі 13-16 жас аралығындағы жасөспірімдерден келіп түседі

Жарияланған күні: 21.04.2021


Жастар арасында репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша жүгінгендердің 53% – ын 13 жастан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрайды. “Бұл туралы “JANYM” ҚБ атқарушы директоры Наталья Клюжина “Жастар арасында репродуктивті денсаулықты сақтау мәселелері бойынша консультациялық қызметтер көрсету” жобасына арналған баспасөз-конференциясы барысында айтты” – деп хабарлады Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметі.

“Репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша жобаны іске асыру басталғаннан бері кеңес беруге арналған  – 8 800 004 05 40 бірыңғай телефон жедел желісі жұмысын бастады” – деді Н.Клюжина.

Жоба іске қосылғаннан бері 134 адам көмек сұраған, оның 57 – сі – жедел желі телефоны бойынша және 77 адам-қоғамдық бірлестік сайты арқылы.  Хабарласқандардың 53% – ы 13-тен 16 жасқа дейінгі жас қыздар мен жігіттер және 36% – ы 17-ден 22 жасқа дейінгі балалар.

Іс-шараға АҚДМ Жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Шахмардан Байманов қатысты.

“Репродуктивті денсаулық тақырыбы бойынша жастарды хабардар ету маңызды. Осы мәселеге байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен жастар және отбасы істері комитеті осындай сұраныспен грант бөлуге бастамашылық етті. Біз бұл жобаны жүзеге асыруға көмектесеміз, себебі  алдағы мақсаттардың маңыздылығын түсінеміз”, – деді Шахмардан Байманов.

Баспасөз конференциясы барысында өңірлерде және Республикалық маңызы бар қалаларда Жас аналар мен жүкті әйелдерге емшек сүтінің маңыздылығы мен бірегейлігі, босанғаннан кейін қалпына келтіру дағдыларына үйрету мәселелері бойынша марафон жоспарланғаны белгілі болды.

Сондай-ақ, репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша мамандарды тарту жұмыстары басталды. Мысалы, 16 сәуірде Алматы қаласының жиырма мектебінде 9-11 сыныптардың  100 оқушысына және екі колледж студенттері үшін жоба сарапшысы, медицина ғылымдарының кандидаты, акушер-гинеколог Жанерке Ажетова алғашқы онлайн сабақ өткізді.

Жоба Азаматтық бастамаларды қолдау Орталығының қолдауымен жүзеге асырылуда.