Қымбатты достар!

Жарияланған күні: 09.01.2022


Қымбатты достар! Лаңкестік әрекеттердің салдарын жою шараларына көмек көрсету мақсатында Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Birgemiz республикалық фронт офисімен, Ұлттық волонтерлер желісімен бірлесіп, деструктивті топтардан зардап шеккендерге көмек көрсетуге ниетті волонтерлерге қатысты мәліметтерді жинау шараларын жүргізуде.

Лаңкестікке қарсы операциялар аяқталған соң Орталық волонтерлерге гуманитарлық, медициналық және психологиялық көмек көрсетуде, өзекті ақпаратты жинауда ақпараттық, ұйымдастырушылық қолдау танытуға дайын.
Назар аударыңыз! Біз елдегі ахуалдың тұрақтанғанын және лаңкестікке қарсы операциялардың аяқталуын күтудеміз!
Волонтерлерге қатысты мәліметтерді (байланыс нөмірлері, өңір және көрсетілетін көмек түрі) 8 771 348 83 84 нөміріне немесе телеграммдағы @eriktiler_kaz чатына жіберуге болады