Қостанай облысында әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру бойынша семинар өтті

Жарияланған күні: 15.10.2024


Қостанай облысы әкімінің орынбасары Мұхамедқали Ринаттың төрағалығымен Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Біріңғай грант операторының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және қоғамдық ұйымдарға арналған гранттар аясында әлеуметтік жобаларды тиімді жүзеге асыру» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетінің төрайымы Гүлбара Сұлтанова, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Лима Диас, сондай-ақ облыстың жергілікті атқарушы органдарының 100-ден астам қызметкері, аудан және қала әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Семинар барысында облыс әкімінің орынбасары мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар (ҮЕҰ) арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін осындай шаралардың маңыздылығын атап өтіп, әкімдіктің азаматтық бастамаларды жан-жақты қолдауға дайын екендігін білдірді.

Гүлбара Сұлтанова өз сөзінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен тиімді жүзеге асырудың негізгі бағыттарын айта өтті. Өз кезегінде Лима Диас ҮЕҰ-ға гранттық қаржыландыру механизмдері туралы айтып, мемлекеттік құрылымдар мен ҮЕҰ арасындағы гранттық қаржыландыру арқылы ынтымақтастықты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Семинар қорытындысы бойынша мемлекеттік қолдау мен әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру механизмдерін жетілдіру бойынша негізгі өсу нүктелері анықталды. Тараптар өңірде тиімді әлеуметтік бастамаларды әзірлеу үшін бірлескен жұмысты жүзеге асыру қажеттілігін алға тартты.