Қорытындылар 2021

Жарияланған күні: 01.02.2022


Құрметті достар!
Біз назарларыңызға «Қорытындылар 2021» атты жаңа айдарды ұсынамыз. Бұл айдарда біз Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы мен грант алушылар бірлесіп атқарған жұмысының нәтижелері туралы баяндайтын боламыз.
Біз ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысымен үкіметтік емес ұйымдардың 2021 жылы іске асырған жобаларының қорытындыларын келтіретін боламыз.
Өткен жылы мұндай 51 жоба іске асырылды. Олар білім, ғылым, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, тарихи-мәдени мұра, мемлекеттік қызметтердің қоғамдық мониторингі, спорт сияқты 15 бағытты қамтыған болатын.
Жобалардың барлығын ҮЕҰ Қазақстанның 17 өңірінде іске асырды. Тікелей қамту 3 млн-нан астам адамды құрады