«Qolda» жедел көмек көрсету жобасы бастау алды

Жарияланған күні: 16.04.2020


Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында «Qolda» жедел көмек көрсету жобасы басталды. Жобаның мақсаты – қала тұрғындары үшін карантиннің жағымсыз салдарын азайту. Ол үшін жоба азаматтық қоғамды қатыстыру, осал топтарға көмек көрсету саласындағы қоғамдық және ерікті ұйымдардың күш-жігерін үйлестіруді жақсарту және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақпараттандыруды арттыруды көздеп отыр.

Өтінімдер 2020 жылдың 19 сәуірін қоса алғанға дейін қабылданады. Конкурсқа халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына ерікті, гуманитарлық және қайырымдылық көмек көрсететін үкіметтік емес ұйымдар және COVID – 19 туралы ақпарат жариялайтын бұқаралық ақпарат құралдары қатыса алады.

Қоғамдық ұйымдар үшін гранттардың жалпы көлемі 24 000 000 теңгені құрайды. Орташа алғанда, жеке грант мөлшері әр ұйымға 2 400 000 теңгені құрайды, бірақ соңғы шешім келіп түскен өтінімдер негізінде қабылданады. Әлеуметтік осал топтарға гуманитарлық көмек және қолдау көрсету және еріктілер мен еріктілер ұйымдарының қызметін үйлестіру салаларында, соның ішінде IT-шешімдер арқылы, қоғамдық ұйымдардың 10-ға жуық жобаларын қаржыландыру жоспарланған.

Бұқаралық ақпарат құралдарын қаржыландырудың жалпы көлемі 8 750 000 теңгені құрайды. Қаржылық қолдаудың орташа мөлшері бір жобаға 1 750 000 теңгені құрайды, бірақ ол өтінімдер негізінде анықталады. Пандемияның түрлі салалардағы салдары мен зардаптары туралы халықтың хабардарлығын арттыру және пандемия кезінде қоғамдық ұйымдар, халық, мемлекет және бизнес тарапынан қандай қолдау шаралары іске асырылып жатқанын кеңінен насихаттауға 5-ке жуық бұқаралық ақпарат құралдары (медиа-жобалар) қолдау ала алады.

Гранттар 2020 жылдың 25 сәуірінен 31 тамызға дейін жүзеге асыруы қажет. Жалпы мерзім 4 айдан аспауы керек.

«Qolda» жобасына қатысу үшін 2020 жылдың 19 сәуірін қоса алғанға дейін қысқа онлайн өтінім толтыру қажет. Конкурс нәтижелері 2020 жылдың 21 сәуірінде жарияланады.

Толық ақпаратты qolda.org/#rec179190535 сайтынан біле аласыздар.

ОАЕҚ – Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) – 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

«Шеврон» корпорациясы – Бұл әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі, 100-ден астам елде өз жұмысын атқарады мұнай-газ саласының барлық саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар, компания жаңартылатын энергия мен алдыңғы қатарлы технологияларды дамытуға қаражат бөледі. «Шеврон» Қазақстандағы жетекші жеке мұнай компаниясы болып табылады және елдің ең ірі екі кен орны – Теңіз және Қарашығанақта маңызды үлестерге ие. Корпорация Каспий Құбыр Консорциумындағы ең ірі жеке акционер болып табылады.