Жарияланған күні: 13.08.2021
Бүгін, 13 тамызда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында ” Қоғамдық ұйымдар үшін гранттар мен сыйлықақылар. Қалай құжаттарды дұрыс дайындауға және қатысуға болады” тақырыбында семинар өтті.
Семинарды елордалық Азаматтық Альянсы ұйымдастырды.
Іс-шараның спикері ретінде АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің басқарма басшысы Тоғжан Зейденова сөз сөйледі.
Іс-шара барысында басқарма басшысы ҮЕҰ үшін сыйлықақыларды беру бойынша ағымдағы конкурсқа ҮЕҰ қатысу тәртібімен таныстырды.
“Сыйлықақы алу конкурсына ҮЕҰ дерекқорына мәліметтері бар және соңғы 3 жыл ішінде сыйлықақы иегері болып табылмайтын үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады”, – деп түйіндеді спикер.
Сондай-ақ, сыйлықарқылар республикалық, салалық және өңірлік деңгейлердегі әлеуметтік міндеттерді шешуге үлесін қосқан ҮЕҰ-ға бюджет қаражаты есебінен берілетіні белгілі болды.
Семинарға Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының өкілдері де қатысты. Орталықтың қызметі туралы мемлекеттік гранттық қаржыландыру бойынша жобалық кеңсенің бас менеджері Галимова Айдана түсіндірді.
Семинардың жазбасын төмендегі сілтемеден көре аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=pwRtEwuI8-Q.