«Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту» бағыты бойынша жоба жарияланды

Құрметті отандық ҮЕҰ өкілдері!
 
ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар беру конкурсы жалғасуда.
Конкурс 12 бағытта 22 тақырып бойынша жарияланды.
 
«Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту» бағыты бойынша жоба жарияланды:
«Көмек керуені» (Караван помощи) волонтерлік әлеуметтік жобасын іске асыру.
Жобаның мақсаты: Ауыл халқының құқықтық және медициналық көмекке қолжетімділігін арттыру.
«Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту» бағыты бойынша мемлекеттік грантты беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттардың толық пакетін 2 шілде, сағат 18.00-ге дейін ұсынуы қажет.
 
‼️Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы конкурсқа қатысушылардың өтінімдерінен елеулі кемшіліктері анықталған жағдайда, оларды түзеуге мүмкіндік алу үшін ҮЕҰ-ға өтінімдерді алдын ала ұсынуға кеңес береді.
 
Конкурс туралы толығырақ:
____________________________