Қиын жағдайға тап болған отбасылардың 550-ден астам мүшесі сұранысқа ие мамандықтарды игерді

Жарияланған күні: 17.11.2021


ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен жүзеге асырылған «Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу және енгізу» жобасының қорытындылары шығарылды.

Бүгін «Замандас 21» қоғамдық қорында «Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды қолдауға бағытталған шаралар кешенін әзірлеу және енгізу» жобасының қорытындыларына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Жобаны іске асыру аясында «Замандас 21» ҚҚ төрт бағытта жұмыс істеді. Осылайша, өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардың 552 мүшесі сұлулық, кулинария, клининг, digital қызметі саласындағы мамандықтарды игергендігі жөнінде сертификаттарға ие болды. Жобаның үйлестірушісі Варвара Полякованың айтуына қарағанда, Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары жоба аясындағы шаралармен офлайн, онлайн режимде қамтылған. Сондай-ақ, жобаға консультанттар, тренерлер, қызметкерлер ретінде көпбалалы отбасылардан, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан 10-нан астам белсенді мүше тартылды.

«Қиын жағдайға тап болған отбасылардың мүшелері тігін шеберлігі, клининг, құрақ тігу, түксіздендіру, макияж, қасты ламинациялау және түзету, кірпіктерді ламинациялау, жеміс байламы, аспаздық, СММ сияқты жаңа сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алды. Қатысушылар тренерлердің жоғары кәсібилігін, сабақтардағы жылы атмосфераны, оқу үшін барлық қажетті материалдар мен құралдардың ұсынылғанын, оқу процесін сапалы ұйымдастырылғанын атап өтті. Оқыту үшін ұсынылған барлық мамандықтар сұранысқа, отбасылық бюджетті үнемдеу, қосымша табыс табу мүмкіндігі, жұмыс істейтін әйелдердің қызметтерін кеңейту арқылы кірісті арттыру сияқты практикалық нәтижеге ие болды. Жоба бұл мамандықтар сұранысты ескере отырып, дұрыс таңдалғанын көрсетті», – деді ол.  «Жалғыз терезе» қағидаты бойынша заң, психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру және басқа да мәселелер бойынша 1000-нан астам консультация берілді. Ең көп сұрақтар отбасындағы қарым-қатынас, ерекше баланың диагнозын қою және оны әлеуметтендіру, жасөспірімдермен қарым-қатынас, тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы болды. Заңгерге алименттер және жеңілдікті тұрғын үй алу бойынша көптеген сұрақтар келіп түсті.

Сонымен қатар, жоба аясында Қазақстанның түкпір-түкпірінен отбасын қолдау орталықтарының 422 қызметкері қиын жағдайға тап болған отбасыларға көмек көрсету тақырыптары бойынша біліктілігін арттырды.

Мұнымен қоса, қиын жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеуге арналған заңгерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер үшін 3 әдістемелік құрал әзірленді.