Қазақстандық делегация Ташкенттегі халықаралық нысандарда

Жарияланған күні: 06.11.2024


Ташкентте екі ірі шара өтті — Еуропа одағы мен Орталық Азияның жастарының көшбасшылары конференциясы және Орталық Азиядағы «Тұрақты қоғамдастықтарды құру» аймақтық форумы, оған Қазақстанның сарапшылар делегациясы ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Біріңғай грант операторының қолдауымен қатысты.

Конференцияда қазақстандық сарапшылар еліміздегі табысты бастамаларды таныстырып, Қазақстан мен Өзбекстан жастар ұйымдары арасында ынтымақтастықты жалғастыру жөнінде келісімге қол жеткізілді.

Форумда әлеуметтік жұмыс саласындағы өзекті мәселелер қаралды: балаларды қорғау, әйелдер мен жастарды қолдау. Еуропа мен Орталық Азияның делегаттары әлеуметтік қызметтерді жетілдіру бағытында тәжірибе алмасып, жаңа стратегиялар ұсынды.

Қазақстандық делегация сондай-ақ Солтүстік елдердің халықаралық университетінде болып, бірлескен жобалар болашағын талқылады және Өзбекстан еріктілер қауымдастығымен кездесті. Сонымен қатар, сарапшылар «Инсон» отбасы қолдау орталығы, реабилитация орталығы және басқа да әлеуметтік мекемелерде болып, осал топтармен жұмыс істеу тәжірибесін зерделеді.

Бұл алаңдар тәжірибе алмасу және ынтымақтастықты нығайту үшін маңызды болды. Қазақстан делегациясы жастар бастамаларын қолдау және дамыту бағытында одан әрі жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті.