Жарияланған күні: 26.10.2021
Бүгін Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында Қазақстандағы американдық заңгерлер қауымдастығының (ABA ROLI) өкілдерімен кездесу өтті.
Іс-шараға Қазақстандағы өкілдіктің басшысы з.ғ. к.Шолпан Ташмухамбетова, азаматтық қоғам жөніндегі техникалық менеджер Айгүл Каптаева, сондай-ақ Орталықтың Басқарма төрайымы Лима Диас қатысты.
Кездесу барысында тараптар ұйымдардың қызметімен танысты. Атап айтқанда, Лима Диас ҮЕҰ-ны гранттық қаржыландыру механизмі, орталықтың ағымдағы жұмысы, сондай-ақ оның перспективалары және ҮЕҰ-ны дамыту мен қолдаудың алдағы жоспарлары туралы айтып берді.
Өз кезегінде Шолпан Ташмухамбетова ABA ROLI туралы, Қазақстан мен Орталық Азия елдерінде құқық үстемдігі саласында іске асырылып жатқан бағдарламалар туралы ақпарат берді. Азаматтық қоғам жөніндегі техникалық менеджер Айгүл Катаева азаматтық қоғамның оң климатын жақсартуға бағытталған жұмыс нәтижелерімен бөлісті. Аталмыш шаралардың аясында мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ мен қоғамдық кеңестер мүшелерінің әлеуетін арттыру, диалог алаңын ұйымдастыру арқылы заң шығару процесіне азаматтық қоғам өкілдерінің көптеп тартуға жәрдем көрсетілуде.
Кездесу соңында тараптар заңнамалық бастамаларды ілгерілету, Қоғамдық кеңестер мен ҮЕҰ әлеуетін арттыру, сондай-ақ тәжірибе алмасу, азаматтық қоғамды дамыту және ҮЕҰ гранттық қаржыландыру мәселелері бойынша сараптамалық қолдау көрсету шеңберінде Орталық пен Қазақстандағы ABA ROLI арасындағы өзара ынтымақтастық мүмкіндігін айқындады.