Қазақстанда 800-ге тарта күміс волонтер көмек көрсетуде

Жарияланған күні: 24.11.2021


Бүгін де елімізде волонтерлік қызметке аға буынды тарту бойынша «Күміс волонтерлік» жобасы кең таралып келеді. Жобаны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қолдауы шеңберінде «Қызылорда волонтерлері» ҚҚ жүзеге асырып жатыр. Біз ҮЕҰ жетекшісі Ольга Чебаковамен әңгімелесіп, республика аумағында жобаны жүзеге асыру барысы туралы анықтап көрдік.
Қазақстанда аға буын өкілдері басқаларға өз тәжірибесі мен білім-білігін бөлісуге әрдайым талпынады. Олар жобалардың бәріне атсалысып, бір деңгейде қалып қалмауға тырысады, ылғи да қозғалыста жүреді. Ольга Чебакованың айтуынша, волонтерлік қызметке аға буынды тарту бойынша жоба күткен нәтиженің бәрінен асып түскен.
«Жобаны жүзеге асыруды бастаған кезде біз қатты алаңдадық. Қалай болғанда да ресейлік қозғалысқа сыртынан қарағанда бәрі оп-оңай әрі қарапайым секілді көрінеді. Шын мәнінде бұл едәуір күрделі. Жобаны іске асыра бастаған кезде біз осыны түсіндік. Бүкіл Қазақстаннан «күміс волонтерлікке» 800 адам тартылатынын күтпеген едік. Кейстердің іске асырылғанына қарағанда жоба шеңберінде біздің «күмісшілерге» осы іспен айналысқан қатты ұнайтынын байқауға болады. Олар әртүрлі қайырымдылық іс-шараларына белсенді түрде атсалысады. Мен тіпті кейде олардың гипербелсенділігіне қызығып та, таң қалып та қараймын. Осының бәрін біз текке істеп жатпағанымыз туралы ой бірден келеді. Волонтерлік қызметтің осындай бағыты айқындалғаны өте құптарлық іс», – дейді ол.
«Қызылорда волонтерлері» қоғамдық қорының жетекшісі қазақстандықтардың көбі «күміс волонтерліктің» не екенін білмегенін айтады. Ал қазір жобаның қатысушылары өз өміріндегі айтулы өзгерістерді бақылауда.
«Одан да көп айтайын, адамдардың біразы «күміс волонтерліктің» не екенін тіпті білмеген, оған кімнің қатысатынынан хабарсыз болған. Жобада 17 үйлестіруші бар. Олардың бірнешеуі аға буынның кісілері. Әлбетте, олармен жұмыс істеу қиынырақ.
Олар хэштегтің не екенін, олардың қалай жазылатынын, әлеуметтік желілерде жазбалар қалай жарияланатынын, жалпы әлеуметтік парақшалар қалай жүргізілетінін, жобалар қалай жазылуы керектігін, тіпті есептерді қалай тапсыру керектігін білмеді. Олар мұнымен бұған дейін мүлде айналысып көрмеген. Біз артынша алғыс айтқан пікірлерді көп естідік.
Көбі әртүрлі жобалардың үйлестірушілеріне айналды», – деді Ольга Константиновна.
«Жалпы «күміс» Қазақстанның солтүстігі мен батысында белсенді түрде дамып келеді, ал Қазақстанның оңтүстігінде жағдай күрделірек. Бұл өңірлерде аға буыннан келген волонтерлердің саны аз. Оған қоса қиындықтар да бар. Алда тағы күрделіліктер болады. Біз жобаны жүзеге асыру барысында қазір тәжірибе жинақтап, ҮЕҰ-ның басқа өкілдері үшін де ұсынымдарды беріп, қандай ньюанстар барын көрсете аламыз», – дейді Ольга Чебакова.
Жобаға ең белсенді қатысушылардың бірі – Гүлбаршын Қасыманова. «Үздіксіз білім беру» ҚҚ әрі Халықаралық U3A кz қозғалысының жетекшісі волонтерлікпен бірнеше жыл бойы айналысып келеді. Өз жұмысында Гүлбаршын апа әлеуметтік бағытқа баса назар аударады.
«Волонтерлік – менің хоббиім. Ол маған әлемді көруге көмектесіп қана қоймай, білім мен білік жинауға, көп дос табуға көмектесті. Мен мектеп қабырғасынан бері керек десеңіз, волонтерлікпен айналысамын, біз кезінде тимурлықтар болғанбыз.
1986 жылы «Қазақ тілі мен мәдениеті» бастамашыл тобын құрған едім.
Ал бүгінгі таңда елорданың күміс волонтерлігінің үйлестірушісі болып отырмын. Біздің қор өз қызметін қаржыландырусыз, нақтырақ айтқанда, волонтерлердің көмегімен іске асырады.
Аталмыш жобада біз бірге әрекет етіп, әлеуметтік желілерді жүргізуді, экологиялық акцияларға қатысуды үйрендік. Біздің волонтерлер өмірдің қиын жағдайында қалған адамдарды қамқорлыққа алады, ұлттық мәдениетті насихаттап, көпбалалы және жалғызбасты жандарға азық-түлік алуға көмектеседі», – дейді Гүлбаршын Қасыманова.
Волонтерлік қызметке аға буынды тарту жөніндегі «Күміс волонтерлік» жобасы осы жылдың соңына дейін жалғасады. Соған қарамастан жобаны жүзеге асырушылар волонтерліктің осы бағытын ары қарай дамытуды көздеп отыр.