Жарияланған күні: 19.05.2021
«Қазақстан-Украина»
Бірінші климаттық диалог
2021 жылғы 25-26 мамыр
Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі мен Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, Украинаның Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен 2021 жылғы 25-26 мамырда ШEКОА аймағында «Қазақстан-Украина» форматында бірінші Климаттық диалогты ұйымдастырады. Диалогты БҰҰДБ, ЕО, ЭЫДҰ Қазақстандағы және Украинадағы өкілдіктері, «Жасыл Академия» ҒБО, АЭжБУ, ШEКОА Climate Action Network, ҚР АҚДМ АБҚО қолдады және ол жетекші сараптама институттары мен ҮЕҰ-ды біріктіреді.
Бұл іс-шара ШEКОА (Шығыс Еуропа, Кавказ, Орталық Азия) аймағындағы климаттық дипломатияның жаңа кезеңін айқындайды және аймақтағы екі өндіруші елдің көміртекті бейтараптылыққа қол жеткізу саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға деген ниетін көрсетеді. Іс-шараның маңыздылығы 2021 жылдың қараша айында Глазго қаласында өтетін БҰҰ КӨНК тараптарының 26-шы конференциясына (СОР-26) дайындық барысында климаттық процестің негізгі мүдделі тараптары арасында (үкімет, бизнес, ғалымдар, ҮЕҰ) тұрақты көлденең байланыс орнату қажеттілігінен туындайды.
Диалогтың негізгі тақырыптары – көміртексіздендіру бағыттары, осы процестің экономикалық тетіктері, соның ішінде көміртегі салығы, шығарындылар саудасы, жасыл қаржыландыру және инновациялар, қалалардың төмен көміртекті дамуы және т.б. Іс-шара аралас форматта ұйымдастырылады (офлайн/онлайн). Бетпе-бет форматы Киев қ. және Нұр-Сұлтан қ. өтеді, оған онлайн режимде ШEКОА өңірінің қатысушылары қосылады.
Форум жұмысының нәтижесі бойынша Бонн қ. (2021 ж. маусым) өтетін Климат бойынша министрлер конференциясына арналған қарар мен ұсынымдар әзірленеді, төмен көміртекті саясат саласында Қазақстан мен Украина арасындағы көпжақты ынтымақтастықты ілгерілетуге ықпал ететін меморандумдарға қол қойылады.
Онлайн форматтағы іс-шара Zoom платформасында өтеді, оған тіркелу қатысуға барлық ниет білдірушілер үшін келесі сілтеме бойынша қол жетімді: https://undp.zoom.us/meeting/register/tZUvd-qupjojEtyp8ef576Bs7o2Xao5C-8fi. Тіркелуден өткеннен кейін қосылымға сілтемені және кіру туралы ақпаратты қамтитын растамасы бар электрондық хат жіберіледі.
Іс-шараға офлайн форматта қатысу үшін 2021 жылғы 24 мамыр сағат 18.00-ге дейін (Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан, уақыты бойынша) https://forms.gle/FDkNrdttiAdUDXgJ9 сілтемесі арқылы тіркеуден өту қажет. Кіру қатаң түрде тіркелгендердің тізімі бойынша жүзеге асырылады.
Іс-шараға қатысуға және тіркелуге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, келесі байланыстар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз:
Нұр-Сұлтан қ., Қазақстан: + 7 (701) 301 36 83, jakupova@cisc.kz – Дана Джакупова, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы;
Киев қ., Украина: +380 97 518 1548, Olhaboiko206@gmail.com – Ольга Бойко, CAN ШЕКОА.