Жарияланған күні: 07.08.2024
Жол жүру гранттары халықаралық ынтымақтастық және халықаралық байланыстарды дамыту саласындағы азаматтық бастамаларды қолдауға бағытталған. Қазақстанның барлық өңірлерінің сарапшыларынан 107 өтінім келіп түсті.
Қазіргі уақытта бұл өтінімдердің критерийлерге сәйкестігі тексеріледі. Содан кейін оларды конкурстық іріктеу күтіп тұр. Ал 15 тамыз күні сарапшылардың қайсысы әлемдік аренада біздің елімізді таныстыратыны белгілі болады.
Үміткерлердің өтінімдерін қабылдайтын, іріктеу жүргізетін және қатысу мәселелері бойынша консультациялық көмек беретін 9 үкіметтік емес ұйым бұл гранттық байқаудың ұйымдастырушылары болып табылады.
Естеріңізге сала кетсек, биыл ҚР Сыртқы істер министрлігінің тапсырысы бойынша Бірыңғай грант операторының қолдауымен сарапшылар мен азаматтық қоғам өкілдері үшін жол жүру гранттарын беру көзделген 12 гранттық жоба жүзеге асырылуда.