Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің тапсырысы бойынша сараптамалық комиссия отырысының 12.05.2025 жылғы №16 хаттамасы

 

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі м.а.-ның «Үкіметтік емес ұйымдарға берілетін мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының 2025 жылға арналған тізбесін бекіту туралы» 2025 жылғы «28» ақпандағы № 11-1-4/114 бұйрығымен бекітілген         2025 жылғы «11» наурызда жарияланған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау» саласы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№ 16 ХАТТАМАСЫ

 

Астана қ.                                                                               2025 жылғы «12» мамыр

 

Отырысқа қатысқандар:

ТАӘ Қатысу туралы мәліметтер
1. Мирманова Ассоль Ербулатовна қатысқан жоқ
2. Алмабаев Алибек Окапович ZOOM арқылы қашықтан қатысты
3. Смайл Данара Кенжеевна         ZOOM арқылы қашықтан қатысты
4. Черкесов Магомед Алимович қатысқан жоқ
5. Усманова Виктория Евгеньевна          ZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі № 406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 8-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

 

Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  2. Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.
  3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері барлық кандидатураларды қарап, Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Данара Кенжеевна Смайлды сайлауға шешім қабылдады.

 

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөні Бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны Конкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
1. Мирманова Ассоль Ербулатовна 10 0 10
2. Алмабаев Алибек Окапович 10 0 10
3. Смайл Данара Кенжеевна 10 0 10
4. Черкесов Магомед Алимович 10 0 10
5. Усманова Виктория Евгеньевна 10 0 10

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 10 өтінім құрайды.

 

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 5 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 10 ҮЕҰ-нан түскен 10 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Қағидалардың                        8-қосымшасына сәйкес балдар береді.

1-кесте

Басым бағыттың атауы Іске асырылу мерзімі Грант сомасы (мын тенге) Өтінім беруші Мирманова Ассоль Ербулатовна Алмабаев Алибек Окапович Смайл Данара Кенжеевна Черкесов Магомед Алимович Усманова Виктория Евгеньевна Барлығы
Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу (кемсітпеу, ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығы, сондай-ақ азаптаудың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша) қысқа мерзімді 10 815,0 «Актуалды саясат институты» қоғамдық қоры 53 51 51 34 45 234
«Innovation Research Science group» жергілікіті қоғамдық бірлестігі 14 37 15 9 43 118
«Basqary» қоғамдық қоры 42 54 31 38 43 208
  «Құқықтық ағарту және заңнаманы дамыту қоры» қоғамдық қоры 17 42 28 14 35 136
  «Жастардың әлеуметтік және тұрақты даму қоры»

қоғамдық қоры

50 45 49 38 45 227
  «Халықаралық төрелік және медиация палатасы» жеке меншік мекемесі 24 41 26 21 31 143
  «ADAM DAMU» Еуразиялық гуманитарлық орталығы» қоғамдық қоры 31 55 49 34 48 217
  «Қорған-М» республикалық қоғамдық бірлестігі 49 43 29 41 33 195
  «Сенім-Ай» қоғамдық бірлестігі 31 50 15 18 43 157
  «Қоғамдық аудит» ұлттық әріптестік платформасының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі 43 38 43 28 37 189

 

 

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауы Іске асырылу мерзімі ҮЕҰ атауы Жалпы балл
1. Қазақстан Республикасының заңнамасына адам құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық стандарттарды енгізу (кемсітпеу, ой-пікір, ар-ождан және дін бостандығы, сондай-ақ азаптаудың алдын алу және оған қарсы күрес мәселелері бойынша) қысқа мерзімді «Актуалды саясат институты» қоғамдық қоры 234

 

 

 

Сараптама комиссиясының төрағасы  ________________  Смайл Д.К.