Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың тапсырысы бойынша конкурсқа өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидалардың 36, 37 және 39-тармақтарында көзделген талаптарға және «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың 2024 жылға арналған басым бағыттарының тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша

ҚОРЫТЫНДЫ ТҰЖЫРЫМДАУ

2024 жылғы 26 наурызда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) жариялаған үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ) үшін «Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» ММ        2024 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 7 ҮЕҰ-дан 10 өтінім түсті, оның 6-ы мемлекеттік тілде, 3-і орыс тілінде және 1-уі екі тілде.

Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 15 сәуірде сағат 18-30-да аяқталды.

Ағымдағы жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

1) өтінім Қағидалардың талаптарына сәйкестігіне;

2) өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкестігіне;

3) өтініш берушінің жарғылық мақсатының мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкестігіне;

4) Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтердің болуына;

5) өтініш берушінің тарату процесінде болу/болмауына;

6) өтініш берушінің банкрот деп танылу/танылмауына;

7) өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;

8) өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;

9) өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;

10) өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;

11) өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;

12) берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне тексеру жүргізілді.

Қағидалардың 40-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.

Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптама комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:

  • мемлекеттік грант беру конкурсынақатысуғарұқсат беру туралы:
Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы
1 Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту Мемлекеттік тілді дамыту қысқа мерзімді «SakTuran Entertainment» қоғамдық бірлестігі
2 «Қазақстан Даму Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі
3 «Сәтті Еркемай» жеке меншік қоры
4 «ORKEN2018» жеке меншік мекемесі
5 Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту қысқа мерзімді «SakTuran Entertainment» қоғамдық бірлестігі
6 «Basqary» қоғамдық қоры
7 «Қазақ аналары – дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі
8 «Сәтті Еркемай» жеке меншік қоры
9 «ORKEN2018» жеке меншік мекемесі

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Грант түрі Ұйым атауы Бас тарту себебі
1 Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту қысқа мерзімді «Parasat Aktau» қоғамдық бірлестігі Өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмейді