Жарияланған күні: 03.02.2023
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының тапсырысы бойынша ҮЕҰ-ға арналған 2023 жылға мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсты жариялайды.
2 қысқа мерзімді грантты ұсынуға бағытталған конкурс азаматтық бастамаларды қолдау, әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында өткізіледі.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының кеңсесі Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 11/5, 5 қабатта орналасқан.
Өтінімдерді Оператор 23 ақпандағы Астана уақыты бойынша 18.30-ға дейін қабылдайды.
Сізді қызықтыратын барлық сұрақтар бойынша Орталық менеджерлеріне 8 (7172) 79-08-04, 79-08-28, 79-08-07 нөмірлері арқылы хабарласа аласыз.
Толық ақпаратты келесі сілтеме арқылы өтіп, алуға болады: https://cisc.kz/kk/49066-49066.html.