Жарияланған күні: 21.06.2021
Бүгін, 21 маусымда Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Баймолдинов тікелей эфирде ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік гранттар беру конкурсының жобалары туралы айтып берді.
2021 жылдың шілде-қараша айларына үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беру жоспарында Жастар және отбасы істері комитетінде 13 жоба қарастырылған, олар үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстарынан және отбасы және жастар саясатының басым бағыттарынан тұрады, – деді Қ.Баймолдинов.
Осылайша, байқау тақырыптарының бірі инклюзивті қоғамды құруға және дамытуға бағытталған жастардың бастамаларын қолдауға арналған жоба. Осы жобаны іске асыру шеңберінде топтардың стигматизация деңгейін төмендету бойынша жұмыс жүргізу және мүмкіндіктері шектеулі адамдардың әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірге белсенді қатысуы мәселелері мен теңдік мүмкіндіктері бойынша диалог алаңдарын ұсыну қажет.
Түсіндірмені төмендегі сілтеме бойынша қарауға болады:
https://www.facebook.com/cisc.kz/videos/1263911014023473