Жарияланған күні: 19.08.2025
БЕКІТЕМІН
«Азаматтық бастамаларды
қолдау орталығы» КеАҚ Басқармасының Төрағасы
__________________ Диас Л.
« » тамыз 2025 жыл
Қағидалардың 39, 40 және 42-тармақтарында көзделген талаптарға және «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» ММ басшысының 2025 жылғы «10» шілдедегі №311-НҚ бұйрығымен бекітілген 2025 жылға үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттардың бағыттарының қосымша тізбесіне сәйкестікке өтінімдерді қарау
НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі – Оператор) 2025 жылғы 22 шілдеде жариялаған «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі» ММ-ның Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) берілетін 2025 жылға арналған қысқа мерзімді мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 2 ҮЕҰ-дан 2 өтінім келіп түсті, оның ішінде 1 өтінім мемлекеттік тілде және 1 өтінім орыс тілінде берілген.
Өтінімдерді қабылдау 2025 жылғы 13 тамызда сағат 18-30-да аяқталды.
Ағымдағы жылғы 15 тамызда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, беру, мониторингтеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар)талаптарына және Мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген қосымша тізбесіне сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:
1) өтінім осы Қағидалардың 39 және 40-тармақтарының талаптарына, оның ішінде осы Қағидалардың № 7 қосымшасына сәйкес өтінім нысанына қойылатын талаптарға, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және институционалдық дамытуға арналған шығыстардың мөлшеріне, ұсынылған құжаттардың толықтығына және өтініш берушінің қолының болу сәйкестігіне;
2) өтінім мемлекеттік гранттар бағыттарының бекітілген тізбесіне, оның ішінде нысаналы индикаторға, күтілетін нәтижелерге, іске асыру мерзімі мен аумағының, сондай-ақ, грантты қаржыландыру мөлшерінің сәйкестігіне;
3) үкіметтік емес ұйымның құрылтай құжаттарының мемлекеттік грант бағытына сәйкестігіне;
4) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13355 болып тіркелген) бекітілген Үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтері туралы мәліметтерді ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына сәйкес тәртіпте үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында үкіметтік емес ұйым туралы мәліметтердің болуына;
5) үкіметтік емес ұйымның тарату процесінде болу/болмауына;
6) үкіметтік емес ұйымның банкрот деп танылу/танылмауына;
7) үкіметтік емес ұйымның атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар/жоқтығына;
8) үкіметтік емес ұйымның мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болу/болмауына;
9) үкіметтік емес ұйымның мүлкіне тыйым салынған/салынбағанына;
10) үкіметтік емес ұйымның экономикалық қызметі тоқтатылған/ тоқтатылмағанына;
11) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылу/табылмауына;
12) үкіметтік емес ұйымның басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген/енгізілмегеніне;
13) үкіметтік емес ұйымның оператор алдында ағымдағы берешегі бар/жоқтығына тексеру жүргізілді.
Қағидалардың 43-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға жіберілген өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.
Конкурсқа қатысуға жіберілген ҮЕҰ өтінімдерін бағалауды сарапшылар жүргізеді, ал жеңімпазды (жеңімпаздарды) анықтауды конкурстық комиссия жүзеге асырады.
Өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша Оператор келесідей шешім қабылдады:
- мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:
№ | Заңның 5-бабының 1-тармағына сәйкес мемлекеттік грант саласы | Мемлекеттік гранттың басым бағыты | Грант түрі | Ұйым атауы |
1 | Қоғамдық келісімді және жалпыұлттық бірлікті нығайту | Террористік белсенді аймақтардан қайтарылған азаматтар мен сол жақта қаза тапқан және жоғалып кеткен қазақстандықтардың туыстарына құқықтық және әлеуметтік көмек | қысқа мерзімді | «Basqary» қоғамдық қоры |
2 | «AQNIET» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қоры |
2) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысудан бас тартылғандар жоқ.