Қағидаларда көзделген талаптарға және «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Қағидаларда көзделген талаптарға және «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді қарау нәтижелері бойынша қорытынды

Жобаларды басқару департаменті 2023 жылғы 27 қаңтарда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ (бұдан әрі –Оператор) жариялаған «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ (бұдан әрі – ҮЕҰ)  мемлекеттік гранттар беру конкурсының нәтижелері бойынша 15 ҮЕҰ-дан 19 өтінім түскенін хабарлайды, оның ішінде мемлекеттік тілде – 9 ҮЕҰ-дан 11 өтінім, орыс тілінде – 6 ҮЕҰ-дан 8 өтінім. 

Өтінімдерді қабылдау 2023 жылғы 26 сәуірде Астана қ. уақыты бойынша сағат 18-30-да аяқталды.

А.ж. 15 мамырда Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 26 қыркүйектегі №406 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік гранттарды қалыптастыру, ұсыну, мониторингілеу және олардың тиімділігін бағалау қағидаларының талаптарына және мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесінің сәйкестігіне өтінімдерді тексеру аяқталды, оның ішінде:

  • өтінім осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген жағдайда;
  • өтінім мемлекеттік гранттардың басым бағыттарының бекітілген тізбесіне сәйкес келмегенде;
  • өтініш берушінің жарғылық мақсаты мемлекеттік гранттың басым бағытына сәйкес келмегенде;
  • Заңның 6-1-бабының 4-тармағына сәйкес Үкіметтік емес ұйымдардың дерекқорында өтініш беруші туралы мәліметтер болмағанда;
  • егер өтініш беруші тарату процесінде болса;
  • егер өтініш беруші банкрот деп танылса;
  • егер өтініш берушінің атқарушылық іс жүргізу бойынша берешегі бар болса;
  • егер өтініш беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде тұрса;
  • егер өтініш берушінің мүлкіне тыйым салынса;
  • егер өтініш берушінің экономикалық қызметі тоқтатыла тұрған болса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары мемлекеттік органның және (немесе) оператордың уәкілетті адамдарының жұбайы (зайыбы), жақын туыстары, жекжаттары болып табылса;
  • егер өтініш берушінің басшылары, құрылтайшылары террористік әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне, сондай-ақ жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен адамдардың тізбесіне енгізілген болса.

Конкурсқа қатысуға жіберілген Қағидалардың 40-тармағына сәйкес өтінімдер сараптамалық бағалауға жіберілетін болады.Конкурсқа қатысуға жіберілген үкіметтік емес ұйымдардың өтінімдерін бағалауды және грант алушыларды айқындауды сараптау комиссиясы жүзеге асырады.

Өтінішті қарау нәтижелері бойынша оператор шешім қабылдады:

1) мемлекеттік грант беру конкурсына қатысуға рұқсат беру туралы:

Мемлекеттік гранттың саласы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асыру мерзімі Ұйымның атауы
1 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Студенттік өзін-өзі басқару органдарын қолдау мен дамытудың тиімді тұтас жүйесін құру Қысқа мерзімді Объединение юридических лиц «Казахстанская Ассоциация Даму»
2 Қысқа мерзімді «Жастар таңдауы-Атырау» қоғамдық бірлестігі
3 Жастардың белсенділігін дамыту және олардың бастамаларына қолдау көрсету үшін коворкинг-кеңістік құру Қысқа мерзімді «Құлсары Жастары» қоғамдық бірлестігі
4 Қысқа мерзімді Общественный Фонд «Золотое Время»
5 Ауыл жастарын ауылдық аумақтарды дамытуға тарту Қысқа мерзімді «Құлсары Жастары» қоғамдық бірлестігі
6 Қысқа мерзімді Общественный фонд ««Qabіlet»

 

7 Қысқа мерзімді «Әділ Өмір» қоғамдық бірлестігі
8 Қысқа мерзімді «JARQYN BOLASHAQ» Жастар Қоғамдық бірлестігі
9 Қысқа мерзімді «Атырау облысы «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі
10 Ақпараттық технологиялар құралдары бойынша жастардың шығармашылық әлеуетін және ақпараттық-коммуникативтік қабілеттерін дамыту. Қысқа мерзімді Частное учреждение «Институт общественного здравоохранения»
11   Қысқа мерзімді Жастарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі
12   Қысқа мерзімді «Ақсұңқар» қоғамдық Қоры
13   Қысқа мерзімді Объединение юридических лиц «Казахстанская Ассоциация Даму»
14   Қазіргі заманғы музыканы құратын және орындайтын жас талантты музыкалық топтарды қолдау Қысқа мерзімді Частное учреждение «Институт общественного здравоохранения»
15   Қысқа мерзімді Общественное объединение «Фонд молодежи «Рауан»
16   Атырау облысы жастарының зияткерлік білім деңгейін арттыру Қысқа мерзімді Жастарды қолдау орталығы» қоғамдық бірлестігі
17   Қысқа мерзімді Общественного объединение «Эра-KZ»
18   Қысқа мерзімді «Жеті Жарғы» қоғамдық қоры

 

2) төмендегі өтініш берушілерге мемлекеттік грант беруге арналған конкурсқа қатысудан бас тарту туралы (барлық өтініш берушілерге бас тарту себептерін негіздей отырып, тиісті хабарламалар жіберілді):

Облысы Мемлекеттік гранттың басым бағыты Іске асыру мерзімі Ұйымның атауы
1 Жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдау Жастардың белсенділігін дамыту және олардың бастамаларына қолдау көрсету үшін коворкинг-кеңістік құру Қысқа мерзімді  «Айқын Болашақ» Қоғамдық Қоры

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ