«Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы тұрғындарының азаматтық бастамаларын қолдау» тақырыбы бойынша сараптамалық комиссия отырысының № 34 ХАТТАМАСЫ

«Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қаумдастығы» ЗТБ 2025 жылғы «11» маусымдағы № 1 келісім шартына сәйкес 2025 жылғы «11» маусымдағы жарияланған конкурс шеңберінде Грант алушыларды іріктеу мақсатында «Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы тұрғындарының азаматтық бастамаларын қолдау» тақырыбы бойынша өтінімдерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша сараптамалық комиссия отырысының

№ 34 ХАТТАМАСЫ

Астана қ.                                                                                   «__» шілде 2025 жылғы

Отырысқа қатысты:

ТАӘҚатысу туралы мәліметтер
 Әбдиев Еркін ҚайырбекұлыZOOM арқылы қашықтан қатысты
 Мажит Алишер МажитұлыZOOM арқылы қашықтан қатысты
 Шаяхметова Жанна Бекполовна        ZOOM арқылы қашықтан қатысты

Шешімдер қабылдау үшін кворумның болуы туралы мәліметтер (сараптама комиссиясы мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі): бар.

Әрбір өтінімге «Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы тұрғындарының азаматтық бастамаларын қолдау» әлеуметтік жобасы аясында үкіметтік емес ұйымға мемлекеттік емес грант беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы ережесінің (бұдан әрі – Ереже) 2-қосымшасында бекітілген көрсеткіштер бойынша балдар берілді.

Күн тәртібі:

  1. Сараптама комиссиясының төрағасын сайлау.
  • Сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер санын айқындау.

3. Үкіметтік емес ұйымдарға (бұдан әрі – ҮЕҰ) мемлекеттік гранттар беруге арналған конкурс шеңберінде өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу нәтижелері бойынша Грант алушыларды айқындау.

Күн тәртібінің бірінші мәселесі бойынша:

Сараптама комиссиясының қатысып отырған мүшелері Сараптама комиссиясының Төрағасы ретінде Әбдиев Еркін Қайырбекұлы сайлауға шешім қабылдады.

Күн тәртібінің екінші мәселесі бойынша:

Гранттар беру бағыттары бойынша үлестіруге сәйкес сараптама комиссиясының әрбір мүшесіне бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саны мынадай:

Сапаршының аты-жөніБағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныКонкурстық комиссияның отырысында қосымша бағалау жүргізу үшін берілген өтінімдер саныБағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны
 Әбдиев Еркін Қайырбекұлы303
 Мажит Алишер Мажитұлы303
 Шаяхметова Жанна Бекполовна303

Екінші сұрақ бойынша шешім: Бағалау жүргізілген өтінімдердің жалпы саны 3 өтінім құрайды.

Күн тәртібінің үшінші мәселесі бойынша:

Грант алушыларды іріктеу мақсатында өтінімдерге тәуелсіз бағалау жүргізу жөніндегі 3 адамнан тұратын сараптамалық комиссия 3 ҮЕҰ-нан түскен 3 өтінімге тәуелсіз сараптама жүргізді.

Өтінімдер сараптамалық комиссияның әрбір мүшесіне дербес қолжетімділікті ұсына отырып, бұлтты сақтау арқылы жіберілді.

Сараптама комиссиясы мүшелерінің әрбір жобаға түсініктемелері сараптама комиссиясы мүшелерінің бағалау парақтарында көрсетіледі.

Сарапшылар бағалау парақтарында әрбір өтінім бойынша Ереженің 2-қосымшасына сәйкес балдар береді.

                                                                                                                      1-кесте

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміГрант сомасы (мын тенге)Өтінім берушіӘбдиев Еркін ҚайырбекұлыМажит Алишер МажитұлыШаяхметова Жанна БекполовнаБарлығы
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы тұрғындарының азаматтық бастамаларын қолдауҚысқа мерзімді  4500,0«Нұрбата-Ардагер» қоғамдық бірлестігі24102963
«Асқақ рух – Еркін ел» қоғамдық бірлестігі40143589
«Айналайын» балалар-жасөспірімдер орталығы» жастар клубы» қоғамдық бірлестігі»38222888

Үшінші мәселе бойынша шешім: Өтінімдерді тәуелсіз бағалауды жүргізу нәтижелері бойынша және сараптама комиссиясының дауыс беруі арқылы мынадай үкіметтік емес ұйым жеңімпаз болып анықталды:

Басым бағыттың атауыІске асырылу мерзіміҮЕҰ атауыЖалпы балл
1.Жамбыл облысы Байзақ ауданы Үлгілі ауылы тұрғындарының азаматтық бастамаларын қолдауҚысқа мерзімді  «Асқақ рух – Еркін ел» қоғамдық бірлестігі89

Сараптама комиссиясының Төрағасы  _____________  Әбдиев Е.Қ.