Прага Азаматтық қоғам орталығы (Prague Civil Society Centre) Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында шығармашылық идеяларға іздеу конкурсын ұйымдастыруда

Прага Азаматтық қоғам орталығы (Prague Civil Society Centre) «Switch» бағдарламасының шеңберінде Шығыс Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі өзекті әлеуметтік мәселелерді шешу мақсатында шығармашылық идеяларға іздеу конкурсын ұйымдастыруда. Конкурстың жеңімпаздарына 8000 еуроға дейінгі көлемде қаржылай көмек беріледі, сонымен қатар олар потенциалды инвесторларды өз жобаларымен таныстыру мүмкіндігін алады.

Конкурстың мақсаты: IT-технологияларды қолдана отырып, қоғамның дамуы мен өмір деңгейін жақсартумен байланысты әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды іске қосу және ілгерілету.

Конкурстың шарттары: Шығыс Еуропа мен Орталық Азиядағы ұйымдар, топтар және жекелеген белсенділер қатыса алады. Іріктеудің соңғы кезеңіне өту үшін міндетті түрде жұмыс жасап тұрған жоба болуы қажет.

Өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі: 30.12.2019

Қосымша ақпаратты және өтінім формасын келесі сілтеме арқылы ала аласыз: https://praguecivilsociety.org/switch-2020-rus/