Постковидтық оңалту: АҚШ тәжірибесі

Жарияланған күні: 03.11.2020


«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «Project C. U. R. E» ұйымы, АҚШ, арасындағы қол қойылған ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде US/KZ TRADE COUNCIL Inc. жеке компаниясы және «Қазақстанның әлеуметтік қызметін қолдау және дамыту қоры» жеке қорымен бірлесіп, а.ж. 20 қараша күні COVID-19  коронавирустық инфекциясымен күрес жөніндегі жұмысқа тартылған медицина қызметкерлеріне психологиялық көмек көрсету саласындағы АҚШ-тың мамандармен қазақстандық дәрігерлер үшін консультациялар ұйымдастыру бойынша қысқа мерзімді әлеуметтік жобасы іске қосылады.

Онлайн консультациялардың негізгі тақырыптары медицина мамандарының психологиялық қалпына келуіне қатысты сұрақтарды, оның ішінде дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің психологиялық шаршауымен күресу тәсілдері, медицина қызметкерлерін COVID-19 екінші толқынына дайындау, дәрігерлерді COVID-19 -дан кейін психикалық қалпына келтіру және т. б. мәселелерді қамтитын болады.

Аталған жобаның мақсаты COVID-19 коронавирустық инфекция пандемиясының таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі шараларды жүзеге асыруға тартылған медицина қызметкерлеріне психологиялық көмек көрсету саласында Қазақстан мен АҚШ медицина қызметкерлері арасында кәсіби білім мен пікір алмасу болып табылады.

Жобаны іске асыру барысында екі күн ішінде, ағымдағы жылдың 20 қарашасы мен 11 желтоқсанында, 10 американдық және 50 қазақстандық мамандандырылған дәрігерлерді тарта отырып, медициналық қызметкерлерді психологиялық қалпына келтіруге бағытталған мәселелерді талқылау үшін онлайн сессия өткізу көзделген.

Айта кететін жайт, жоба Project C.U.R.E (Жедел жәрдем және жабдықтар жөніндегі комиссия) Мейірімділік қайырымдылық қорының  (Benevolent Healthcare Foundation) тіркелген сауда белгісі және дамушы елдерге қайырымдылық негізінде заманауи медициналық жабдықтар мен қызметтердің жетіспеушілігін жеңуге көмектесуге бағытталып, АҚШ-та орналасқан әлемдегі ең ірі коммерциялық емес ұйымдардың бірі болып табылады.

Осылайша, көрсетілген жоба екі елдің мамандары арасында тәжірибе алмасу үшін халықаралық диалог алаңын ұсыну арқылы медицина қызметкерлеріне психологиялық көмек көрсету саласындағы өзекті мәселені тиімді шешуге жәрдемдесіп қана қоймай, сонымен қатар «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік емес гранттық қаржыландыру шеңберінде бірлескен халықаралық әлеуметтік жобаларды одан әрі іске асыруға ынталандырады деп күтілуде.