Орталық басшылығы грант алушылармен кездесті

Жарияланған күні: 01.11.2023


Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының алаңында Басқарма төрағасы Лима Диас орталықтың грант алушыларымен кездесті.

Кездесуге 75-тен астам үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Онлайн іс-шара барысында ҮЕҰ әлеуметтік жобаларды іске асыру барысында кездесетін өзекті проблемалық мәселелер талқыланды.
Кеңес барысында мемлекеттік гранттарды қалыптастыруға, есептік рәсімдерге, жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізуге қатысты мәселелер айтылды.

Конференция қорытындысы бойынша қоғам белсенділері орталықтың қызметін, сондай-ақ гранттық қаржыландыру тетігін жақсартуға қатысты өз ұсыныстарын енгізді.