Жарияланған күні: 22.08.2019
Бүгін, 2019 жылғы 22 тамызда «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы мен «Қазпошта» акционерлік қоғамы арасында «ASAR» үш жақты әріптестік ІІІ Республикалық форумы шеңберінде Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Қазпошта жалпы мемлекеттік инфрақұрылымның маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Казпошта аудандық және ауылдық жерлерді қамтитын 3500-ден астам бөлімшеден тұратын елдегі ең кең филиалдық желіcіне ие.
Меморандум гранттық қаржыландыру аясында іс-шаралар өткізу кезінде Қазпошта бөлімшелерінің ауқымды желісін өтеусіз негізде пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл құқықпен тек қана Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының грант алушылары пайдалана алады.
Бұл бастама Қазпоштанының корпоративтік әлеуметтік жауаптылығын ілгерілетуде жүйеліліктілігін қамтамасыз етеді және компанияның қоғамның дамуына үлесін жылжытады.
Уағдаластықты енгізу біздің еліміздің шегінде де, әлемдік қоғамдастықта да әлеуметтік саланың бенчмаркіне айналуы мүмкін.