Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы Орталық Азияның жас көшбасшылар академиясы

Еуразия қоры (ЕҚ) Орталық Азияның жас көшбасшылар академиясына (CAYLA) қатысуға арналған өтінімдер байқауын жариялайды.

CAYLA өз қауымдастықтарында позитивті дамуды ілгерілетумен айналысатын жас көшбасшылар мен қоғам қайраткерлерін оқытуға мүмкіндік береді. CAYLA арқылы жастар өз қауымдастықтарын қатыстыру мен көшбасшылықтың негізгі дағдыларына ие болады. Бұл дағдыларды олар болашақта CAYLA қатысушыларына арналған шағын гранттар бағдарламасы арқылы қауымдастықты дамытуға арналған жобаларда қолданатын болады.

CAYLA Орталық Азияның жас көшбасшыларының өзара әрекеттесуіне арналған интерактивті алаң, ол оқыту, байланыс орнату, көшбасшылық қабілеттерді кеңейтуді қолдайды және жастар мен олардың қауымдастықтарының дамуына оң ықпал етеді. Бес жыл көлемінде CAYLA интерактивті алаң ретінде бүкіл Орталық Азия бойынша, кем дегенде, 450 жас көшбасшылар мен қоғам қайраткерлері үшін қызмет етеді әрі оларға онлайн-оқыту мен жеке дамуды, сондай-ақ тәлімгерлікті ұсынатын болады. Байланыс орнату жас көшбасшылар мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері арасында қоғамның оң даму құндылықтарын бөлісетін байланыстар орнатуға ықпал ететін болады. Барлық тренингтерден өткен CAYLA қатысушылары қорытынды сертификатын алады және әлеуметтік жобаларды қолдауға арналған шағын гранттар бағдарламасы бойынша қаржыландыруға өтінім беруге шақырылады, бұл оларға өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс жүзінде қолдануға мүмкіндік бермек.

Бағдарламаның мақсаты: Орталық Азияда белсенді және жауапты азаматтық қоғамды қалыптастыру

Шарттар: Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Түркменстаннан 18-30 жас аралығындағы жас көшбасшылар қатыса алады

Өтінім берудің соңғы мерзімі: Нұр-Сұлтан қаласы уақыты бойынша а.ж. 5 мамыры, сағат 18:00-ге дейін.

Қосымша ақпаратты келесі сілтеме арқылы ала аласыз: https://cayla.asia/