Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасы Орталық Азияның жас көшбасшылар академиясы

Жарияланған күні: 24.04.2020


1. ЖАЛПЫ ШОЛУ

Еуразия Қоры (ЕҚ) Қазақстан, Тәжікстан, Өзбекстан мен Түркменстанның 18 бен
30 жас аралығындағы жас көшбасшыларына арналған Орталық Азияның жас
көшбасшылар академиясына (CAYLA) қатысуға арналған өтінімдер байқауын
жариялайды.

CAYLA Еуразия Қорының АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі
Агенттігі қаржыландыратын Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау атты
бесжылдық бағдарламасының бір бөлімі. Бағдарламаның мақсаты Орталық Азияда
белсенді және жауапты азаматтық қоғамды қалыптастыру болып табылады.
CAYLA өз қауымдастықтарында позитивті дамуды ілгерілетумен айналысатын жас
көшбасшылар мен қоғам қайраткерлерін оқытуға мүмкіндік береді. CAYLA арқылы
жастар өз қауымдастықтарын қатыстыру мен көшбасшылықтың негізгі
дағдыларына ие болады. Бұл дағдыларды олар болашақта CAYLA қатысушыларына
арналған шағын гранттар бағдарламасы арқылы қауымдастықты дамытуға
арналған жобаларда қолданатын болады.

2. ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ЖАС КӨШБАСШЫЛАР АКАДЕМИЯСЫ

CAYLA Орталық Азияның жас көшбасшыларының өзара әрекеттесуіне арналған
интерактивті алаң, ол оқыту, байланыс орнату, көшбасшылық қабілеттерді
кеңейтуді қолдайды және жастар мен олардың қауымдастықтарының дамуына оң
ықпал етеді. Бес жыл көлемінде CAYLA интерактивті алаң ретінде бүкіл Орталық
Азия бойынша, кем дегенде, 450 жас көшбасшылар мен қоғам қайраткерлері үшін
қызмет етеді әрі оларға онлайн-оқыту мен жеке дамуды, сондай-ақ тәлімгерлікті
ұсынатын болады. Байланыс орнату жас көшбасшылар мен мемлекеттік
органдардың қызметкерлері арасында қоғамның оң даму құндылықтарын бөлісетін
байланыстар орнатуға ықпал ететін болады. Барлық тренингтерден өткен CAYLA
қатысушылары қорытынды сертификатын алады және әлеуметтік жобаларды
қолдауға арналған шағын гранттар бағдарламасы бойынша қаржыландыруға өтінім
беруге шақырылады, бұл оларға өздерінің жаңа білімдері мен дағдыларын іс
жүзінде қолдануға мүмкіндік бермек.

3. КВАЛИФИКАЦИЯЛЫҚ ТАЛАПТАР

CAYLA Қазақстанның, Тәжікстанның, Өзбекстанның және Түркменстанның белсенді
жас азаматтары үшін (18-30 жас) ашық. «Біздің заманымыздың батырлары», яғни
бүкіл Орталық Азияның ауылдары мен қалаларындағы өз қоғамының белсенді және
жауапты мүшелері СAYLA-ға қатысуға тамаша кандидаттар болып табылады. СAYLA
қоғамның позитивті дамуына өз үлесін қосуға қабілетті жас мамандарды,
кәсіпкерлерді және басқа да жастарды біріктіруге ниетті.

4. ІС-ШАРАЛАР

Орталық Азиядағы азаматтық қоғамды қолдау бағдарламасының аясында CAYLA
қатысушылары келесі іс-шараларға қатыса алады:
CAYLA-ның ұлттық және аймақтық конференциялары
(Қазақстан, Түркменстан және Өзбекстан елдерінен қатысушыларға Алматы; Тәжікстандық
қатысушыларға Душанбе қаласында)
2020 жылдың жазында CAYLA қатысушылары Алматы және Душанбеде өткізілетін
екі күндік конференцияға қатыса алады. Конференциялар барысында CAYLA
қатысушылары бір-бірімен танысып, өз қауымдастықтарындағы мүмкіндіктер мен
мәселелерді айқындау және талқылау мүмкіндігіне ие болады. Конференцияларда
әлеуметтік желілер бойынша мамандар, қоғамның позитивті даму үлгілеріне ие жас
көшбасшылар, сондай-ақ мемлекеттік сектор мен жеке бизнес өкілдері тәжірибе
алмасу және қауымдастықтарды дамыту үшін жаңа моделдерді әзірлеу бойынша
интерактивті презентациялар жасайды.

Оқытуға арналған онлайн-платформа
(Бағдарламадағы барлық елдердің қатысушыларына онлайн)
СAYLA қатысушыларына білім, ресурстар, байланыстар орнату мүмкіндігі мен
жетістіктер тарихының мысалдарын ұсынатын онлайн-платформа қолжетімді
болады. Онлайн-платформа СAYLA қатысушылары үшін негізгі хаб болып
табылады, ол алдағы іс-шаралар, оқыту және даму мүмкіндіктері туралы хабардар
болуға мүмкіндік береді. СAYLA қатысушылары айына бір модулден бес айлық
онлайн курстардан өтеді. Оқу кестесі әр қатысушының ыңғайына қарай икемді
болмақ. Онлайн курстар жобаларды әзірлеу бойынша өз білімдерін және шешімдер
қабылдау, проблемаларды шешу сынды жобалық басқару дағдыларын жақсартуға,
сондай-ақ көшбасшылық дағдыларды дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар
онлайн-курстарға қосымша ретінде қатысушыларға аралас тақырыптарға арналған
ай сайынғы вебинарларға қатысу мүмкіндігі беріледі.
Дөңгелек үстелдер
(Іс-шара бағдарламаның барлық елдегі қатысушыларына қолжетімді; өткізу орны кейінірек
анықталады)
CAYLA қатысушыларына өздерінің көшбасшылық қабілеттерін көрсетуге және
әлеуметтік дамуды кеңінен түсіну үшін дөңгелек үстелдер ұйымдастыруға, сондайақ жергілікті мемлекеттік органдардың, жеке сектордың өкілдерімен өз
қауымдастықтары үшін маңызды мәселелер бойынша байланыс орнатуға мүмкіндік
беріледі.
Интерактивті лекциялар
(Бағдарламадағы барлық елдердің қатысушыларына онлайн)
CAYLA жастар көшбасшылары мен қоғам қайраткерлерін, журналистер мен басқа
да жастар белсенділерін TEDx стиліндегі іс-шараларға қатысуға шақырады, олар
сондай-ақ Орталық Азияда қоғамның дамуына өз үлесін қосып отырған
тұлғалардың жетістік оқиғаларымен танысу үшін CAYLA-ның барлық
қатысушыларына тікелей эфирде көрсетіледі.
Ұлттық және аймақтық нетворкинг лагерлері
(Қазақстан, Түркменстан және Өзбекстан елдерінен қатысушыларға Алматыда; Тәжікстандық
қатысушыларға Душанбе қаласында)
СAYLA қатысушылары тәжірибе алмасу және байланыс орнату үшін ұлттық және
аймақтық Нетворкинг лагерлеріне шақырылатын болады. Лагерде СAYLA
қатысушылары команда қалыптастыру бойынша интерактивті тимбилдинг өткізеді,
бұл әр түрлі елдер мен қауымдастықтардан жиналған қатысушылардың арасында
одан әрі терең өзара іс-қимылды дамытуға мүмкіндік береді. Нетворкинг
лагерлерде СAYLA қатысушылары өздерінің әлеуметтік жобаларын іске асыру
барысында жинаған тәжірибелері мен сабақтарымен бөлісе алады, серіктестікке
мүмкіндіктер таба алады және географиялық шекаралар шегінен тыс кәсіби және
әлеуметтік желілер құра алады.

Стади-турлар (оқу-танысу сапарлары)
(Іс-шара бағдарламаның барлық елдегі қатысушыларына қолжетімді; өткізу орны кейінірек
анықталады)
СAYLA-ның ең белсенді қатысушылары Орталық Азияның басқа елдерінің
қатысушыларымен тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретін өңірлік стади-турға
жіберіледі. Бірінші стади-тур Орталық Азияда, ал екіншісі – Еуразияның бір
аймағында өтеді.
Тағылымдама және тәлімгерлік мүмкіндіктері
(Іс-шара бағдарламаның барлық елдердегі қатысушыларына қолжетімді; өткізу орны кейінірек
анықталады)
СAYLA қатысушыларына коммерциялық емес сектордағы жас көшбасшылар мен
кәсіпқойлар арасында кәсіби байланыс орнатуға көмектесетін тәлімгерлік
бағдарламасы ұсынылады. CAYLA қатысушылары жергілікті коммерциялық емес
ұйымдарда үш айға дейін тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады. Толығырақ
ақпарат қатысушыларды іріктеуден кейін CAYLA-ның электронды оқытуға арналған
онлайн-платформасында жарияланады.

Стипендиялар бағдарламасы
(Іс-шара бағдарламаның барлық елдердегі қатысушыларына қолжетімді; өткізу орны алдын-ала
анықталады)
Коммерциялық емес басқару немесе мемлекеттік басқару саласында жоғары білім
алуды жоспарлап отырған СAYLA түлектері 2500 АҚШ долларына дейінгі мөлшерде
академиялық шәкіртақының бір бөлігін алуға мүмкіндік алады. Ішінара
академиялық шәкіртақы алу үшін СAYLA түлектері аккредиттелген жоғары оқу
орнында тиісті оқу бағдарламасына қабылдануы және оқуды аяқтағаннан кейін
коммерциялық емес секторда жұмыс істеуге дайындығын көрсетуі қажет.
Шағын гранттар бағдарламасы
(Іс-шара бағдарламаның барлық елдердегі қатысушыларына қолжетімді; өткізу орны кейінірек
анықталады)
СAYLA түлектері өздерінің әлеуметтік жобаларын қолдау үшін 3000 АҚШ долларына
дейінгі мөлшерде шағын грант алуға өтінім бере алады. Шағын гранттар
бағдарламасы бойынша ресми байқау жеке жарияланады. Әрі қарайғы жылдары
қоғамның дамуына елеулі үлес қоса алатын жобалардың ауқымын кеңейту үшін ең
табысты жобалардың қосымша қаржыландыру алатын мүмкіндігі бар.

5. ӨТІНІМ БЕРУ МЕРЗІМІ ЖӘНЕ ІРІКТЕУ ҮРДІСІ

Осы хабарландыру арқылы ЕҚ белсенді жастарды онлайн-өтінімді пайдалана
отырып, СAYLA-ға қатысу үшін өтінім беруге шақырады (гиперсілтеме арқылы
өтіңіз).
Өтініш берушілер өтінішті сейсенбі, 5 мамыр, сағат 18:00 (Нұр-сұлтан)/17:00 (Душанбе, Ташкент және Ашхабад) кешіктірмей жіберуі тиіс.

Іріктеу үрдісі ашық және байқау негізінде құрылған, қатысушылар төменде
көрсетілген критерийлерге сәйкес іріктелетін болады.
Онлайн-өтінім өтінім беруші туралы негізгі ақпаратты, сіздің атыңыз мен байланыс
ақпаратыңызды, сонымен қатар сіздің біліміңіз, жұмыс тәжірибеңіз бен екі ұсыным
туралы мәліметтерді қамтиды. Сонымен қатар, Сізге алдын-ала келесі сұрақтарға
сәйкес қатысу мақсаттары туралы мотивациялық хат дайындау қажет:

• Сіз неліктен CAYLA-ға қатысқыңыз келеді? Өзіңіздің ұзақмерзімді
жоспарларыңызды, CAYLA-дан не күтесіз және мақсаттарыңызға жету үшін
CAYLA Сізге қалай көмектесе алатынын сипаттауыңызды өтінеміз. (300 сөзден
көп емес)

• Сіздің қауымдастығыңызда немесе еліңіздегі жастар қазір қандай мәселеге
тап болуда, бұл тақырып бойынша Сіз қазіргі таңда қауымдастығыңызбен
бірге қалай әрекет етіп жатсыз және бұл мәселені шешудің болашақта қандай
мүмкіндіктерін көресіз? (600 сөзден көп емес)

• Сіздің өміріңіздегі ең үлкен сәтсіздігіңіз қандай және Сіз одан қандай сабақ
алдыңыз? (300 сөзден көп емес)
• CAYLA-ның басқа да қатысушыларымен қандай бағалы тәжірибеңізбен
бөлісуге дайынсыз? (300 сөзден көп емес)
Онлайн-өтінімді толтыру басталғанға дейін түйіндеме мен мотивациялық
хатты дайындауыңызды өтінеміз, өйткені форма сақтау мен жекелеген
сұрақтарға қайта оралуға мүмкіндік бермейді.

6. ІРІКТЕУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

СAYLA байқауында қоғамдық жобаларға, волонтерлік және қауымдастықты дамыту
жөніндегі жобаларға қатысу тәжірибесі бар кандидаттарға артықшылық беріледі.
Толтырылған өтінімдердің барлығы қаралады және СAYLA қатысушылары келесі
критерийлер негізінде іріктелетін болады:

• Жасы: 18 – 30 жас;

• Жоғары көшбасшылық әлеует;

• Өтініш берушінің қауымдастығында жастардың алдында тұрған мәселені
нақты және қысқа тұжырымдау қабілеті, сондай-ақ мәселені шешудің мүмкін
жолдары;
• Жастарды қоғамдық мәселелерге тартуға жәрдемдесуде тәжірибесінің болуы;

• Жергілікті деңгейде жастар бастамаларын ілгерілету туралы білуге деген
ынта мен ниетінің болуы;

• Волонтерлік немесе қоғамдық жұмыс тәжірибесінің болуы; кәсіби немесе
кәсіпкерлік тәжірибесінің болуы жақсы қосымша болады.
Барлық өтінімдер жоғарыда көрсетілген іріктеу критерийлеріне сәйкес келуі тиіс.
Егер ЕҚ өтінім бойынша қосымша ақпарат немесе түсініктемелерді қажет етсе,
өтінім беруші қосымша ақпаратты және/немесе құжаттаманы ұсыну үшін жазбаша
түрде хабардар етілетін болады.
CAYLA-ға қатысатын финалистердің тізімі 2020 жылдың 25 мамырында
жарияланады. CAYLA және өтінім беру процесіне қатысты барлық сұрақтарды
жазбаша түрде мына мекен-жайға жіберуіңізге болады: CAYLAapply@eurasia.org.
Жылдам жауап алу үшін хаттың тақырыбында «СAYLA Қазақстан», «Сayla
Тәжікстан», «СAYLA Өзбекстан» немесе «CAYLA Түркменстан» деп көрсетіңіз.