Жарияланған күні: 26.04.2018
«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ы өз қызметін әртараптандыру мақсатында түрлі мекемелермен ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қоюды дәстүрге айналдырды. Соның бірі мемлекеттік гранттар мен оның жүзеге асырылуы туралы маңызды ақпаратты еліміздің түкпір-түкпіріне жылдам жеткізу үшін «Қазақ радиолары» ЖШС-мен болған келісім болды.
«Қазақ радиосы», «Шалқар», «Астана радиосы» және «Classic» радиоларының басын біріктіретін «Қазақ радиолары» ЖШС басшысы Мәди Манатбек Орталық қызметі туралы кешенді ақпарат беруге келісімін беріп, әлеуметтік мәселерді көтеретін жобалар туралы ақпаратты таратудың маңыздылығын атап өтті.