Жарияланған күні: 21.02.2022
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы Маңғыстау облысы әкімдігінің ҮЕҰ-ға арналған мемлекеттік грантты ұсыну жөніндегі конкурсты жариялайды.
Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы алғаш рет өңірлік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсты өткізіп жатыр.
АБҚО Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен үкіметтік емес ұйымдарға арналған мемлекеттік гранттар конкурсын жариялайды.
Конкурс азаматтық бастамаларды қолдау, «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге азаматтық қоғам институттарының әлеуетін тарту мақсатында өткізіледі.
Мемлекеттік гранттарды ұсыну жөніндегі конкурсқа ҮЕҰ дерекқорында ұйым туралы мәліметтері бар, белгіленген қағидалар талаптарына сәйкес грантқа өтінім берген ҮЕҰ қатыса алады.
Өтінімдерді қабылдау 2022 жылдың 21 ақпанынан 24 наурызына дейін жүзеге асырылады.
Толық ақпарат мына сілтеме бойынша қолжетімді: https://cisc.kz/kk/azamattyq-bastamalardy-qoldaw-ortalyghy-mangghystaw-oblysy-aekimdigining-memlekettik-grantyn-ueeu-gha-berwge-konkwrs-zhariyalajdy-20815.html